Қазақстанда кедейлік шегін қайта анықтау қажет
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Кедейлік шегінің мөлшерін анықтау туралы» бұйрық дайындады.

Құжат Қазақстандағы кедейлік шегін мынау тәртіппен анықтайды:
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы мөлшерінде;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін есептелген орташа табыстың 50 пайызы мөлшерінде.
Құжат Ашық НҚА веб-сайтында 15 наурызға дейін орналастырылған.
2023 жылы Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 40 567 теңгені құрайды.
2022 жылдың соңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 2025 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің орнына орташа табыспен анықталатынын хабарлады.
Дереккөз: zakon.kz
