Батыс Қазақстанда аулалар мен көшелерді еріген қар суы басып қалды

Батыс Қазақстан облысында күн жылынып, қардың тез еруіне байланысты үйлердің аулалары мен көшелерді қызыл су басып қалды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Сурет: БҚО ТЖД баспасөз қызметі

«2023 жылғы 28 ақпан 16.00-ден 23.00-ге дейін +2 температура режимінде қардың жылдам еруі салдарынан Орал қаласы мен Бөрлі ауданындағы Ақсай қаласы орталығының көшелері мен тұрғын үй аулаларында еріген қар суы жиналды», — деп хабарлады БҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайлар департаменті және жергілікті атқарушы органдардың күшімен еріген қар суын бұру және сору жұмыстары жүргізілді. Көшелер мен аула аумақтарынан барлығы 933 текше метр су сорылып, 5100 текше метр қар шығарылды.

Сурет: БҚО ТЖД баспасөз қызметі

Барлық жедел ақпаратты облыстың ТЖД жедел су тасқынына қарсы штабы және Орал қаласы мен аудандардың әкімдіктері өңдейді. Су тасқыны кезеңі бақылауға алынған.

Бұған дейін төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин биыл жеті жүз мыңнан астам қазақстандық су басқан аймақта қалуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

Сурет: БҚО ТЖД баспасөз қызметі

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-16
Утром11.86 ℃
Днем17.05 ℃
Вечером16.03 ℃
Ночью14.39 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра3.91 м/с
2026-10-17
Утром10.81 ℃
Днем17 ℃
Вечером15.13 ℃
Ночью12.69 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра3.59 м/с