Ақылы жол қызметінің ақысын төлеу тәртібі өзгереді

Бір өңірде бірнеше ақылы учаске болса, әрбір ақылы учаске үшін жеке абонемент сатып алу қажет.

«ОА» мұрағатынан

Ашық НҚА порталында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақылы жолдарда төлем жасау жүйесіне өзгеріс енгізуді көздейтін бұйрық жобасы жарияланды.

Жобаға сәйкес, ақылы жолдарда алдын ала, ақы алу пунктінде төлеуден бөлек, кейінгі төлемді де енгізу жоспарланған. Оны ақылы жолмен жүргеннен кейін күнтізбелік 7 күн ішінде төлеуге болады.

Осы уақыт ішінде төленбесе, көлік иесіне айыппұл салынады. Жеке тұлғаларға – 5 АЕК (17 250 теңге), ал заңды тұлғаларға – 10 АЕК (34 500 теңге).

Ережеге бір айға және бір жылға арналған абонемент анықтамасы енгізіледі. Абонемент сатып алу көлік жүргізушілерінің өз еркінде және оны ақылы жолдарда жүргені үшін берешектерін өтеген соң ғана ала алады. Облыста бірнеше ақылы учаскелер болса, әрбір ақылы учаске үшін жеке абонемент сатып алу қажет.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда ақылы жолдардың саны артты

Жылдық абонементі иесі автокөлік құралын есептен шығарса, сатса, банкрот не қайтыс болса, бұл абонементті басқа адам қолдана алмайды. Мұндай абонемент жойылады, сондықтан жаңа абонемент сатып алуға тура келеді.

Сондай-ақ, жүк көліктері автомобиль өткізу пункттеріне кіру уақытын брондап, электронды кезекке тұра алады.

Жобаны қоғамдық талқылау 16 наурызға дейін жалғасады.

ОСЫ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША: Жүк көліктері жүргізушілері ақылы жолдарға қарсы наразылық акциясына шықты. «ҚазАвтоЖол» ҰК » АҚ олардың талаптарын қарастыруда

БҚО аумағында ақылы жолдармен жүру құны белгілі болды

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.22 ℃
Днем9.96 ℃
Вечером10.94 ℃
Ночью6.37 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра3.16 м/с
2025-03-29
Утром2.83 ℃
Днем10.57 ℃
Вечером11.89 ℃
Ночью8.04 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.34 м/с