Ауыл шаруашылығы тыңайтқыштарын ел аумағынан шығаруға тыйым салынады
Ауылда аула маңын тиімді пайдаланып, өз кәсібін жандандырып жатқан жандар жетерлік. Олардың бірі мал бордақылаумен айналыса, енді бірі көнөністің көсегесін көгертіп, бақша дақылдарымен айналысып жатыр.

Еліміздің аумағынан көлікпен тыңайтқыштарды әкетуге жарты жылға тыйым салынуы ықтимал. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты Индустриялық даму комитеті ашық талқыға шығарған бұйрық жобасында жазылған.
Салынуы мүмкін экспорттық шектеуді іске асыру мен қадағалау Индустриялық даму комитеті, Мемлекеттік кірістер комитеті мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жүктеледі.
Бұйрық жобасы 17 наурызға дейін көпшіліктің талқылауында болады.
Қоса кетейік, бұған дейін елімізден ірі қара мен ұсақ малды әкетуге тыйым салу жоспарланған. Сонымен қатар ел аумағынан көлікпен көмір әкетуге жарты жылға шектеу қойылады.