БҚО-да аудан әкімінің орынбасары ішімдік ішіп көлік жүргізген

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімінің орынбасары Ғаділбек Әлібеков ішімдік ішіп көлік айдаған. Шенеунік түннің бір уағында кафеден шығып, рөлге отырғанда оны жол полициясы қызметкерлері ұстаған. Белгілі болғандай ол жеке көлігін жүргізген. Ғаділбек Әлібековті полиция қызметкерлері ұстаған сәтін дәлелдейтін аудио жазба мен фото факт «Орал апталығы» редакциясына келіп түсті.

Бұл оқиға ақпан айының жетісінен сегізіне қараған түні болған. Аудио жазбада Ғаділбек Әлібковтың масаң күйде болғаны, яғни әрең сөйлеп тұрғаны анық байқалады. Жол полициясы қызметкерлері Ғаділбек Әлібековтен ішімдіктің иісі шығып тұрғанын айтып, полиция көлігіне отыруын сұрайды және бейнежазба жүріп жатқанын ескертеді. Алайда шенеунік әжетханаға барғысы келіп тұрғанын және құжаттарды алып келейінші деп сұрайды. Полиция қызметкерлері рұқсат етпейді. Кейін Ғаділбек Әлібеков телефонымен «Баке, маған гаишниктер тиісіп тұр. Біздің ауылдың гаишник жігіттері» деп біреуге хабарласады. Сәлден соң өзін Нұрхан деп таныстырған жол полициясы қызметкеріне «сөйлесе қой» деп телефонын ұсынады, бірақ полиция қызметкері сөйлесуден бас тартады.

Полиция қызметкерлері Ғаділбек Әлібековке қарсыласпай өз еркімен көлікке отыруын бірнеше мәрте сұрайды. Қарсыласқан жағдайда кісен (наручник) тағуға мәжбүр болатындарын айтады. «Сіз мені танисыз ба?» деп Ғаділбек Әлібеков сұрақ қояды. Полиция қызметкерлері оны танымайтындарын айтып, ақыр соңы шенеунікті күшпен көлікке отырғызып, ішімдік ішкен-ішпегенін анықтау үшін ауруханаға алып барған.

Казталов ауданы әкімінің орынбасары Ғаділбек Әлібековті жол полициясы қызметкерлері ұстап тұрған сәті

Аты-жөнін көрсетпеуді сұраған Казталов ауылы тұрғынының айтуынша, сол түні Ғаділбек Әлібековтың «Баке!» деп қоңырау шалған адамы аудан прокуроры Бауыржан Молғалиев екенін, олар бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста екенін айтады. Оқиға болған түні Казталов ауданы полиция бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Марлен Қарабаев пен орынбасары Бағдат Давлетов ауруханаға барған көрінеді.

«Орал апталығы» тілшісі Ғаділбек Әлібековке хабарласып, бұл жағдайға қатысты пікір білдіруін сұрады. Шенеунік оқиғаны растады, бірақ ішімдік ішкен жоқпын деп отыр.

– Сол түні кафеге барғаным рас. Бірақ арақ ішілген жоқ. Полиция қызметкерлері түнгі он бір, он екілер шамасында үйге қайтып келе жатқан кезде тоқтатты. Олар құжаттарымды сұрады. Мен құжаттарым үйде екенін айтып, алып шығайын, сосын әжетханаға барып келейін дедім. Полиция қызметкерлері рұқсат етпеді. Мен жігіттерге «танымайтын адам емеспіз, осы ауданда жұмыс істеймін, осы ауылда тұрамын» деп ренжідім. Болмағасын бірге ауруханаға тексеріске бардым. Менің ішімдік ішпегенім анықталды,-дейді Казталов ауданы әкімінің орынбасары Ғаділбек Әлібеков.

Ол тілшінің «Сіз «Баке!» деп кімге хабарластыңыз? Сосын, құжаттарыңызды үйде қалдырып қалай көлік жүргізіп жүрсіз?» деген сауалына: «Кімге хабарласқаным есімде жоқ» деп екінші сұраққа жауап бермеді.

Ал Казталов ауданы полиция бөлімі басшысының орынбасары Бағдат Давлетов бұл оқиғаға қатысты қандай да бір пікір білдіруден бас тартты.

«Орал апталығы» тілшісі полиция бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Марлен Қарабаевқа да қоңырау шалды. Ол оқиға болған түні ауруханаға барғанын мойындады. Алайда Ғаділбек Әлібековті көрген жоқпын деді.

– Ауруханаға бардым. Бірақ түнгі нешелерде екені «есімде жоқ». Ішке кіргем жоқ, Ғаділбек Әлібековті де көрген жоқпын. Барған себебім – барлығы заң аясында болуын қадағалау еді. Тексеріс кезінде Ғаділбек Әлібековтің ішімдік ішкені анықталған жоқ. Енді біздің қызметкерлер ол кісіні ұстағанда: «Мен аудан әкімінің орынбасарымын, неге ұстап тұрсыңдар? Ауруханаға барғаным ұят болады ғой» деген сияқты әңгіме айтқан ғой. Содан жол полициясы қызметкерлері оны ішіп алды деп ойлаған,-дейді Марлен Қарабаев.

«Сізге аудан әкімінің орынбасары ұсталғанын кім хабарлады? Ғаділбек Әлібеков лауазымды адам болғаны үшін жазадан сытылып кеткен жоқ па? Бұл жағдайға көз жұма қараған жоқсыздар ма?» деген тілші сұрағына: «Маған кім хабарлап айтқанын «ұмытып тұрмын». Аудан әкімінің орынбасары ұсталды дегесін, ертеңгі күні резонанс туып кетпесін деп және заң аясында болуын қадағалау үшін бардым»,-деді Казталов ауданы полиция бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Марлен Қарабаев.

Есенжол ЕЛЕКЕНОВ

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-18
Утром15.44 ℃
Днем22.83 ℃
Вечером22.68 ℃
Ночью18.67 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.55 м/с
2025-05-19
Утром18.22 ℃
Днем20.53 ℃
Вечером20.58 ℃
Ночью15.24 ℃
Влажность57 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра9.14 м/с