БҚО тағы да көш соңында. Бұл жолы мектептердегі бейнебақылау камераларына қол жеткізуден.
БҚО-да полицияға мектептердің тек 24% – ы 373 мектептің 91-нің ғана бейнежазбасы бекітілген.
«Бейнебақылау орнатылған мектептердің арасында камералары стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкес келмейтін мектептер де бар. Еліміздегі 1100-ге жуық мектеп полицияның жедел басқару орталықтарына қосылмаған. Бақылау режимі қатаң сақталмайды», – деді Премьер-министр Әлихан Смайылов.
Үкімет отырысында ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мектептегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
«Жыл басынан бері бірқатар білім беру нысандары байланыс арналарына қызмет көрсету үшін қызмет көрсетушілермен шарт жасасқан жоқ. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің дұрыс ұйымдастырылмауы нәтижесінде ЖБО-ның (Жедел басқару орталығы) олардың бейнебақылау жүйелеріне қолжетімділігі қамтамасыз етілмеген. 700 адамнан асатын мектептерде радиобайланысы бар, қызметтік қарумен жабдықталған және жедел әрекет ету мобильді топтары бар лицензияланған күзет болуы керек. Бірақ бүгінгі күні онымен 1416 мектептің 1193-і ғана, яғни мектептердің тек 84 пайызы ғана қамтылған», – деді министр.»
«Іс жүзінде, мектептерді күзету кәсіби емес мамандарға, яғни қарапайым кемпір-шал «вахтерларға» тапсырылған. Оларда мүмкіндік те жоқ, заңмен белгіленген жауапкершілік те жоқ. Сондықтан, қауіпті заттар мен қаруды кіргізуге тосқауыл қояды деп үміттену – бос амал», – деді министр.
Марат Ахметжанов мекеме әкімшілігі техникалық арнайы күзеттің тәсіліне, қызметкерлердің шекті жасына және олардың арнайы дайындық деңгейіне талаптарды дұрыс қою керек екенін атап өтті.
Премьер-министр Әлихан Смайылов ата-ана мектептегі баласының жағдайы мен қауіпсіздігі үшін алаңдамауы қажет екенін айтты.