Сабақта мұғалім мен оқушының ұялы телефон пайдалануына тыйым салынбақ

Қолданыстағы заңда мұндай ережелер жоқ.

«ОА» мұрағатынан

Сабақ кезінде педагогтер мен оқушылардың ұялы телефон қолдануына тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланды.

«Білім алушылар білім беру ұйымынан тыс болған кезде білім алушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері жауапты болады. Білім беру ұйымында оқу-тәрбие процесін және білім беру ұйымынан тыс жерде өткізілетін оқу-тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде білім алушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілік білім беру ұйымы басшысының бұйрығына сәйкес педагогтерге жүктеледі», — деп жазылған Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығында.

Сондай-ақ жаңа өзгеріске сәйкес мектепте тәртіп бұзған оқушылар, олардың ата-анасына немесе заңды өкіліне ескертпестен білім ордасынан шығарылмайды.

Білім алушы теріс қылықтар жасаған, мектептің ішкі тәртіп қағидалары талаптарын бұзғанда оны сабақтардан шеттетуге, сондай-ақ ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің қасында еріп жүруінсіз білім беру ұйымынан шығаруға жол берілмейді. Білім беру ұйымы ата-аналарды немесе өзге де заңды өкілдер керек болған жағдайда оларды білім беру ұйымына шақырып, болған жағдай туралы хабардар етеді және тиісті шаралар қабылдайды, — деп жазылған жаңа редакцияда.

Сонымен қатар сабақта мұғалім мен оқушыға ұялы телефон қолдануға болмайды.

Мұғалімнің шешімі бойынша сабақта оларды қолдану қажеттілігін есепке алмағанда, білім алушылар мен педагогтар сабақтарда мобильді байланыс құралдарын пайдаланбайды, — деп жазылған бұйрықта.

Бұйрық 28 наурызға дейін ашық талқыланады.

Дереккөз: HALYQ UNI

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-16
Утром-14.83 ℃
Днем-12.78 ℃
Вечером-12.19 ℃
Ночью-13.47 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1037
Скорость ветра7.61 м/с
2026-01-17
Утром-17.86 ℃
Днем-16.43 ℃
Вечером-19.12 ℃
Ночью-21.15 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1046
Скорость ветра6.71 м/с