БҚО-да полицей кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тартқан
Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кәсіпкерлер Орал қаласы Ішкі істер басқармасының ювеналды полиция бөлімше қызметкерінің әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тарту мәселесі бойынша жүгінді.
Жауапкершілікке тартудың себебі ретінде белгіленбеген жерлерде сауда жасағандығын көрсеткен.
Алайда, кәсіпкерлердің қызмет түрі саудамен ешқандай байланысы жоқ. Аталған сауда жасау фактісі шың мәлімде жүзеге аспасада, полиция қызметкері кәсіпкерлерді сырттай жауапкершілікке тартқан.
Бұл әкімшілік жауапкершілік туралы кәсіпкерлер үшінші тұлғардан хабардар болған.
Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысымен ҚР ӘҚБтК 204-бабы 1-бөлігі бойынша жасалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың күші жойылды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 416-бабы 2-бөлігі бойынша полиция қызметкеріне қатысты дәлелдемелерді бұрмалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.