Оралда ертеңнен бастап су үздіксіз беріледі

Оралда кәріз жүйелері еріген қар суларына толып, соның салдарынан қала тұрғындарына су кестемен беріліп жатыр. Алайда ертеңнен бастап су үздіксіз берілетін көрінеді. «Батыс су арнасы» ЖШС басшылығы осылай деп сендіріп отыр.

«Батыс су арнасы» ЖШС басшысының орынбасары Азамат Ағелеуов

«Батыс су арнасы» ЖШС басшысының орынбасары Азамат Ағелеуовтың айтуынша, қаладағы кәріз жүйелерінің барлығы суға толған.

— Қар сулары кәріз жүйелеріне ағып жатыр. Оны су сорғылары сорып үлгермеуде. Сондықтан суды кестемен беруге мәжбүр болып отырмыз. Енді ертеңнен бастап жағдай түзеледі деп ойлаймыз. Қазір жағдай ақырындап жақсарып келе жатыр,-деді баспасөз жиынында Азамат Ағелеуов.

Оның сөзінше, кәріз жүйелеріне су үсті-үстіне құйылып жатырған көрінеді. Азамат Ағелеуов көшедегі және тұрғын үйлерге кірген суды тазарту міндетімізге кірмейді дейді.

— Біз оған жауапты емеспіз.«Батыс су арнасы» мекемесі кәріз жүйелерін ғана қадағалайды, соған жауаптымыз. Енді қандай да бір көмек қажет боп жатса, техникамызды беріп жатырмыз,-дейді Азамат Ағелеуов.

Ол медициналық колледжге су кіруіне қатысты былай деп пікір білдірді. «Жатақхананың өзін су басқан жоқ. Жертөлесіне ғана су кірді. Біз су соратын құрылғы бердік. Енді олар әу баста қосымша құбыр қоюлары керек еді. Яғни су толғанда ол жабылуы керек. Қосымша құбыр болмағасын судың деңгейі көтеріліп, жертөлесіне кірген. Тек бұл ғана емес, қаладағы біраз көп қабатты үйлердің жертөлелері де суға толды,-деді Азамат Ағелеуов.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-14
Утром-0.34 ℃
Днем0.81 ℃
Вечером0.96 ℃
Ночью-1.94 ℃
Влажность99 %
ДавлениеhPa 1034
Скорость ветра3.14 м/с
2026-03-15
Утром-3.44 ℃
Днем1.07 ℃
Вечером-0.2 ℃
Ночью0.21 ℃
Влажность91 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра4.31 м/с