Су тасқыны: БҚО-да жағдай күрделене түсті
«Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша,Тасқала ауданының Тасқала ауылындағы «Деркөл-Тасқала» гидробекетінде 11 наурызда таңертең Деркөл өзеніндегі су деңгейі 544 см құрады, тек бір тәулік ішінде судың деңгейі 158 см-ге көтерілді. Шежін-2 ауылында Шежін-2 өзеніндегі су деңгейі 799 см құрады.
Тасқала ауданының 2 елді мекені және Бәйтерек ауданындағы 8 елді мекен ықтимал су басу аймағында тұр.
Жергілікті жерлерде әкімдіктер мен ТЖД қатарынан кезекшілік ұйымдастырылды. Тұрақты негізде су айдындарына мониторинг жүргізілуде.
Облыс әкімінің орынбасары Е.Т. Балтаевтың басшылығымен облыстық ТЖ жөніндегі комиссияның шұғыл отырысы өткізілді.
Жағдай күрделенген кезге ТЖД құтқару бөлімшелері мен техникасы Тасқала ауданының Тасқала кентіне және Бәйтерек ауданының Зеленое кентіне (Шежін-2 кентінің жанында) жеткізілді, халықты хабардар ету жүргізілді.
Тасқала ауданы мен Бәйтерек ауданының аумағын Қазавиақұтқару тікұшағымен әуеден барлау жүргізу жоспарлануда.
Ауа температурасы күндіз 2- ден 8 градусқа дейін жылы, түнде 0-ден 5-ке дейін аяз. Дерқұл өзеніндегі мұздың қалыңдығы – 90 см.
Топырақтың қатуы 115 см құрайды, қар тез еріген жағдайда қар суының жерге сіңіп үлгермеу қаупі бар.
№49 ЖОББМ, №37 ЖОББМ, НЗМ, ГЭН, «Шаңырақ» жатақханасы, олимпиадалық резервтің арнайы мектеп интернаты, медициналық колледж жатақханасы, «ҚазТрансГаз Аймақ», есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп, Подстепное ауылындағы мектепке келген су уақытында сорылды.
11 наурыздағы таңертеңгі жағдай бойынша әртүрлі нысандардың жертөлелерін су басудың 10 фактісі тіркелді. Орал қаласының жеке үйлерінің үй маңындағы аумақтарын су басудың 13 фактісі бар. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, малдар қауіпсіз аймаққа айдалды.