Батыс Қазақстан облысындағы Бөрлі ауданында төтенше жағдай жарияланды

Бөрлі ауданының әкімі елді мекендер мен нысандарды су басу қаупіне байланысты жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялады.

Фото; БҚО ТЖД

Батыс Қазақстан облысында күн жылынғалы барлығы 103 839 текше метр еріген су шығарылған. Орал, Ақжайық, Бөрлі, Тасқала, Теректі, Сырым аудандарында және Бәйтерек ауданында еріген суды бұру жұмыстары жалғасып жатыр.

Асан кентінің тұрғындарынан қоңыраулар түсіп жатыр. Олардың айтуынша, қазір үйлерден шығу мүмкін емес, көшелер мен аулалар су астында қалды. Бұл жерде ассенизаторлар жұмыс істейді, бірақ олардың шамасы жетпейтін сияқты.

Орал қаласы, Бәйтерек және Тасқала аудандарындағы су тасқыны жағдайына аэровизуалды барлау жүргізілді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.

Әуеден барлау барысында Деркөл, Шаған және Шежін-2 өзендері мен бассейндерінің жай-күйі зерттелді, өзендер бойында орналасқан елді мекендердің айналасына мониторинг жүргізілді.

БҚО-да су тасқынын жою жұмыстары. Фото: БҚО әкімдігінің ресми сайты 

Қазіргі уақытта Тасқала ауылындағы Деркөл өзеніндегі су деңгейі 520 см, Шежін-2 өзенінің су деңгейі 761 см. Елді мекендерге қауіп жоқ. Орал қаласы, Ақжайық, Бөрлі, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау, Қаратөбе, Жаңақала, Казталов, Сырым және Бәйтерек аудандарында еріген қар суы сорылды. Тәулігіне – 25863 м3 (барлығы 103 839 м3) су жиналып жатыр. Орал қаласы, Теректі және Сырым аудандарында тәулігіне-8338 қар шығарылды. (барлығы – 319915 м3 қар). 535 ойық бұрғыланып, 230 м2 мұз кесілді, 690 құм салынған қап төселді, 2,8 км арықтар, 128 су өткізгіш құбырлар тазартылды.

«Жергілікті жол қызметтері қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылған «Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы» тас жолының 11 шақырымында (Пойма елдімекенінің маңы) еріген қар суын бұру жұмыстарын жүргізді. Қазіргі уақытта жолды су басу қаупі толығымен жойылды, көліктердің қозғалысы штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр», деп хабарлады «Қазавтожол» ММ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, жол қызметтері жол жиегін нығайту жұмыстарын екі мәрте жүргізді.

«Барлығы 200 инертті материалы бар қап қолданылды. Жұмысқа 5 бірлік арнайы техника мен 10 жолшы маман жұмылдырылды. Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдар ашық, су басқан жолдар тіркелмеді», делінген хабарламада.

«Қазавтожол» ММ су басу қаупі бар республикалық жолдар тәулік бойы бақылауда екенін де нақтылайды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-04
Утром-3.13 ℃
Днем-0.15 ℃
Вечером-2.08 ℃
Ночью-2.8 ℃
Влажность71 %
ДавлениеhPa 1033
Скорость ветра2.96 м/с
2024-12-05
Утром-4.23 ℃
Днем-0.77 ℃
Вечером-2.88 ℃
Ночью-3.68 ℃
Влажность63 %
ДавлениеhPa 1033
Скорость ветра3.27 м/с