Қазақстанда колледж студенттерінің шәкіртақысы өседі

Оқу-ағарту министрлігі мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидасына өзгеріс енгізетін қаулы жобасын әзірледі.

Атап айтқанда, шәкіртақыға мынандай өзгеріс енгізу ұсынылды:

  • техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге – 32 681 (отыз екі мың алты жүз сексен бір) теңге;
  • техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін), орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттердің мемлекеттік стипендиясы – 31 422 (отыз бір мың төрт жүз жиырма екі) теңге.

Оқу-ағарту министрлігінің пайымдауынша, стипендия мөлшерін ұлғайту ел жастары үшін техникалық және кәсіптік білім берудің тартымдылығын едәуір арттырады, колледж студенттерінің әлеуметтік жағдайын жақсартады және техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау сапасының артуына әсерін тигізеді.

Құжат 30 наурызға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Дереккөз:  zakon.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-07
Утром-10.65 ℃
Днем-5.01 ℃
Вечером-9.71 ℃
Ночью-10.75 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1047
Скорость ветра5.56 м/с
2025-02-08
Утром-11.91 ℃
Днем-7.59 ℃
Вечером-9.27 ℃
Ночью-10.58 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра4.44 м/с