Қазақстанда балалар үшін әлеуметтік тұрғыдан қолайсыз өңірлер аталды

Оқу-ағарту министрлігі еліміздегі балалар үшін қолайлы және қолайсыз қалаларды атады.

Фото ашық көзден

Ашық талқыға шығарылған «Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарда» көрсетілген дерекке сүйенсек, Қазақстандағы балалар саны – 6 616 774. Оның ішінде 3,7 млн-нан астамы оқушы болса, 2,5 млн — мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер, ал 400 мыңнан астамы — колледж студенттері.

«Жағдай жасаудың жүйелі мониторингі, сондай-ақ проблемаларды уақтылы анықтау және шешімдерді жедел қабылдау үшін былтыр 56 индикатордан тұратын балалардың әл-ауқатының индексі қабылданды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша балалардың әл-ауқатының орташа бағасы республика бойынша 55,3 балды құрайды. Алматы қаласы Қазақстандағы балалар үшін ең қолайлы өңір саналады (63,3 балл), келесі орында – Қызылорда (62,1 балл) және Ақтөбе облысы (59,9 балл). Қостанай (49,7 балл), Батыс Қазақстан (47,4 балл) және Ақмола (43,8 балл) облыстары қолайсыз өңірлер санатында» делінген құжатта.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, жыл сайын 3 мыңнан астам жасөспірім мен 6,4 мыңнан астам тұрмысы нашар отбасы ішкі істер органдарының есебіне алынады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-19
Утром10.56 ℃
Днем15.9 ℃
Вечером15.4 ℃
Ночью12.64 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра6.99 м/с
2026-04-20
Утром9.06 ℃
Днем11.04 ℃
Вечером11.9 ℃
Ночью10.97 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1006
Скорость ветра5.9 м/с