Қазақстандағы жер учаскелері электрондық форматта берілетін болады

Жер комиссиялары институты Қазақстанда жер учаскелеріне құқық берудің электрондық форматы енгізілгеннен кейін шығарылады. Мұндай заң жобасын Сенат қабылдады.

Сенат жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасын екінші оқылымда қабылдады.

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі Сұлтан Дүйсембинов заң жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды таныстырды.

Заң жобасының мақсаты – жер қатынастары саласындағы заңнаманы, аталған салаларда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсетуді цифрландыру және электрондық форматқа көшіру арқылы жылжымайтын мүлікке және қала құрылысына құқықты тіркеуді жетілдіру.

Заң жобасын қабылдау нәтижесінде жер учаскесіне құқықтарды рәсімдеу жеңілдетіледі. Қызметтерді электронды форматқа көшіру арқылы автоматтандыру, жерге орналастыру жобасы, жер учаскесіне сәйкестендіру сияқты бірқатар құжатты алып тастау, жер комиссиясының жұмысына өзгерістер енгізу арқылы келісімдер санын азайту, әртүрлі инстанциялар бойынша құжаттарға онлайн мониторинг жүргізу, құжаттарды қарау және келісу ұзақтығы 1 жылдан 30 күнге дейін қысқару қарастырылып отыр, – деді сенатор.

Сөзінше, заң жобасына бұрын болмаған ұғымдарды енгізу жоспарланып отыр. Мысалы, жария кадастр картасы, рәсімделген жер учаскелерін және оларды жылжымайтын мүлік объектілерін визуализациялау, сондай-ақ бос жер учаскелерін көрсету құралы. Сонымен қатар жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты, жер учаскесі бойынша мәліметтерді және жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық сипаттамаларын қамтитын жылжымайтын мүлік объектісіне сәйкестендіру құжаты. Ол өтініш берушінің жеке кабинетіне электронды форматта түседі.

Ол сенаторлар заң жобасын қараған кезінде бірнеше өзгерту мен толықтыру енгізу керегі туындағанын атап өтті.

Заң жобасының атауына өзгеріс енгізілді. Жаңа және кейбір ұғымдардың атауларына өзгерістер және одан басқа да өзгерістер енгізілді, – деп толықтырды Сұлтан Дүйсембинов Сенатта.

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті таныстырған заң жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды Сенат екінші оқылымда қабылданды.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

eighteen + 16 =

x
2023-11-29
Утром-0.83 ℃
Днем0.23 ℃
Вечером-1.27 ℃
Ночью-1.98 ℃
Влажность68 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра3.21 м/с
2023-11-30
Утром-1.86 ℃
Днем1.38 ℃
Вечером-0.19 ℃
Ночью0.79 ℃
Влажность76 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра5.63 м/с