БҚО-да сайлауды 300-ге жуық тәуелсіз бақылаушы бақылайды

Санаулы күннен соң өтетін мәжіліс пен мәслихаттар сайлауын Батыс Қазақстан облысында 300-ге жуық тәуелсіз бақылаушы бақылайды. Олардың басым көпшілігі Орал мен Ақсай қаласына жұмылдырылатын көрінеді.

Батыс Қазақстан облыстық «Жария» тәуелсіз бақылаушылар қозғалысының төрағасы Бекнұр Сражанов облыстағы барлық сайлау учаскелеріне бақылаушы қоюға адам саны жетіспейтінін айтады.

– «Белсенді ауыл» деген жобамыз бойынша ауылдарға барып семинар өткіздік. Қазір қалада бақылаушы боламын деген адамдарға күніне екі рет семинар өткізудеміз. Негізі облыстағы барлық сайлау учаскелерін жабамыз ба деп ойлағанбыз. Бірақ оған күшіміз жетпейін деп тұр. Енді осы сайлауға түсіп жатырған өзіміз танитын кандидаттардың сенімді өкілдерімен бірігіп,  Орал мен Ақсай қаласындағы сайлау учаскелерін толық жабамыз деп отырмыз. Сосын аудан орталықтарына да тәуелсіз бақылаушыларды қоямыз,-дейді «Жария» тәуелсіз бақылаушылар қозғалысының төрағасы Бекнұр Сражанов.

Оның айтуынша, «Жарияда» қазір 50 шақты адам тіркелген. Ол сайлау әділ өтуі үшін күресе береміз деп отыр.

– Егер сайлауда заң бұзушылықтар болып жатса, біз сотқа шағымданамыз. Сайлау процесінің әділ болуы үшін шама-шарқымыз келгенше бақылаймыз. Сол үшін әр сайлау учаскесіне екі бақылаушыдан қоямыз деп жоспарлап отырмыз,-дейді Бекнұр Сражанов.

«Жария» тәуелсіз бақылаушылар қозғалысы  2019 жылы құрылған. Сол жылдан ресми тіркелген 2022 жылға дейін 18 рет тіркеу туралы өтініш кері қайтарылған.  

– 2019 жылы президент сайлауы өткен соң, барлығымыз жан-жаққа кетеміз бе, әлде қоғамдық қор құрып, әрі қарай жұмысымызды жалғастырамыз ба деген сұрақ қойылды. Содан белсенді азаматтар барлығымыз бірігіп, әрі қарай жұмыстанамыз деп шештік. Қажетті құжаттарды реттеп, облыстағы әділет департаментіне бердік. Бірақ олар өткен жылға дейін тіркемей келді. Бізді тек 2022 жылы ғана тіркеді,-дейді Бекнұр.

2019 жылдан бері тәуелсіз бақылаушы болып келе жатырған Амантай Садықов сайлау учаскелерінде тәуелсіз бақылаушылар отырса, заң бұзылмайды деп есептейді.

– Бұған 2019 жылы өткен президент сайлауында көзім жетті. Мысалы, мен болған учаскеде заң бұзушылық болған жоқ. Сондықтан барлық сайлау учаскелерінде тәуелсіз бақылаушылар отырса, заң бұзылмай, сайлау әділ өтеді,-дейді Амантай Садықов.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

17 + 15 =

x
2023-12-11
Утром-13.79 ℃
Днем-12.36 ℃
Вечером-13.45 ℃
Ночью-15.68 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1046
Скорость ветра7.23 м/с
2023-12-12
Утром-18.62 ℃
Днем-16.89 ℃
Вечером-15.68 ℃
Ночью-15.4 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1050
Скорость ветра8.85 м/с