БҚО-да су тасқыны салдарынан бір адам қаза болды

12 наурыз күні кешке Шыңғырлау ауданындағы Ақтау ауылынан көршілес Бөрлі ауданындағы Ақсай қаласына трактормен ​ жолға шыққан екі азамат із-түзсіз жоғалып кеткен. Олардың жоғалып кеткені жайлы 14 наурыз күні 17:17 сағатта қоңырау түскен. 

Фото ашық көзден

БҚО Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, оларды іздеуге төтенше жағдай қызметкерлері түнгі 23:25-те кіріскен. Мамандар КПО компаниясының жол талғамайтын жүрдек көлігімен шыққан. Бірақ қарғын судан өте алмай, түнгі 3-те іздеуді тоқтатқан. Бүгін 39 жастағы азаматтың денесі судан табылғаны туралы ақпарат тарады. 46 жастағы екінші адам аман.

Ер адамның қайтыс болғаны туралы ақпаратты портал тілшісіне облыстық полиция департаменті растады.

«1984 жылғы ер адамның қайтыс болғаны туралы дерек Бөрлі аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Сараптама тағайындалып, оқиғаның нақты себебі анықталатын болады», — деді полиция департаментінің ресми өкілі.

Полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, марқұмның денесінде суға бату белгілері бар.

Дереккөз: Nur.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-19
Утром10.56 ℃
Днем15.9 ℃
Вечером15.4 ℃
Ночью12.64 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра6.99 м/с
2026-04-20
Утром9.06 ℃
Днем11.04 ℃
Вечером11.9 ℃
Ночью10.97 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1006
Скорость ветра5.9 м/с