БҚО: Казталов ауданында жағдай қалай

Казталов ауданы әкімінің 2023 жылдың 14 наурызында №6 шешімімен «Казталов ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды».

Аудан әкімі Рүстем Зұлқашевтің мәлім еткеніндей, Қараөзен мен Сарыөзенге 9 наурыздан бері Ресей аумағынан тасқын су жіберіле бастады.

«Қазсушар» РМК Батыс өңірлік филиалының мәліметтеріне сәйкес Саратов облысындағы Варфоломеев су қоймасынан Сарыөзенге секундына 22 текше метр су жіберілуде.

Сарыөзен бойындағы елді мекендерге қауіп жоқ. Қараөзеннен қауіп бар. Ресейдің Приузенск су қоймасынан 13 наурыз күні секундына 110, кеше 200, бүгін 260 текше метр су жіберілуде. Соның әсерінен Қараөзенде су деңгейі өсіп отыр.

Аудан басшысының сөзіне қарағанда, әсіресе, Жалпақтал, Қараөзен ауылдарында қауіп басым. Тасқын судың алдын алу үшін Казталов ауданы әкімдігі жанынан құрылған төтенше жағдайлар жөніндегі шұғыл әрекет ету штабы аудандық ТЖ бөлімімен және Жалпақтал ауылдық округі әкімдігімен бірлесе тиісті жұмыстар атқаруда. Қараөзен бойындағы Ғайса, Мәнти, Жиеш, Құлақ бөгеттері аршылып, Жалпақтал, Қараөзен ауылдарында суға кетуі мүмкін көшелердің іргелерін, өзен жағалауларын, дамбыларды көтеру, бекіту жұмыстары жүргізілуде.

Өзен бойындағы судың да деңгейі күнбе-күн өлшенуде. Атап айтқанда, соңғы тәулікте Қайыңды ауылы жанынан өтетін Қараөзенде судың деңгейі 738 сантиметрді құрап, өзен арнасы 72 см көтерілсе, Жалпақтал ауылында 730 сантиметрге жеткен. Өзен суы сағат, тәулік санап өсу үстінде. Жағдай қатаң бақылауда. Жалпақтал, Қараөзен ауылдарында кезекшілік ұйымдастырылып, қажетті техникалар тынбай қызмет жасауда.

Тасқын судың алдын алу жұмыстарына Маңғыстау облысынан төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінен 15 қызметкер көмекке келді.

«Қазіргі таңда су Жалпақтал ауылындағы Автобаза бөгетінен асып ағуда. Жалпақтал-Жаңажол бағытындағы облыстық маңызы бар тас жолдың үстінен су асып кетті. Дегенмен, екі ауыл арасындағы қатынас үзілген жоқ. Қараөзеннен шыққан су Шақат өзеніне құйылып жатыр. Жағдай қалыпты болғанымен, қауіп сейілген жоқ», деді Р.Зұлқашев.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

one × one =

x
2023-10-03
Утром14.07 ℃
Днем20.98 ℃
Вечером16.36 ℃
Ночью13.7 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра3.68 м/с
2023-10-04
Утром13.45 ℃
Днем20.99 ℃
Вечером18.95 ℃
Ночью15.53 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра4.4 м/с