“Ұрып-соғу белгілері бар”. Батыс Қазақстан облысында 22 жастағы жігіттің денесі табылды
Батыс Қазақстан облысындағы Октябрь ауылы маңынан зорлықпен өлтірілген ер адамның денесі табылды.

22 жастағы жігіттің өлімі жайлы облыстық полиция департаменті хабарлады. Дерекке сүйенсек, қайғылы жайт 13 наурыз күні тіркелген. Таңғы сағат 8:30 шамасында Бәйтерек ауданы, Октябрь ауылы маңында ер адамның денесі табылған.
“Ауыл маңынан 2001 жылғы жігіттің мүрдесі табылды. Денесінде ұрып-соғу белгілері бар. Тиісті сараптама тағайындалды. Қабылданған іс-шаралар нәтижесінде осы қылмысқа күдікті ретінде 2003 жылғы С. және 2005 жылғы Қ. деген кәмелетке толмаған тұрғын анықталып, ұсталды”, – делінген полиция ақпаратында.
Сондай-ақ аталған іс бойынша қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі (абайсызда өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.