«Осы сұрақты Назарбаев пен Тоқаевқа қоярсыздар». Тәуелсіз кандидаттардың сайлауалды науқаны қалай өтіп жатыр?

Былтыр қантөгіспен аяқталған жаппай тәртіпсіздіктен кейін үлкен сақтықпен жүргізілген сайлау реформасы 19 наурызға белгіленген сайлауға саяси бәсеке қосқандай көрінген. Бірақ мәжіліс пен мәслихат депутаттығына бақ сынап жатқан оппозициялық кандидаттар көп кедергіге кезіккенін айтады.

Фото ашық көзден

Лұқпан Ахмедияровты ешкім «жүйенің кандидаты» деп айыптай алмайды.

Оның сайлауалды видеосы журналистің тәуелсіздік жылдары жүріп өткен жолын түгел баяндайды. Ахмедияров пара алу фактілерін әшкерелеп, журналистік зерттеулер жүргізіп, үкіметке қарсы митингілерге қатысқанын айтады. Осы белсенділігі үшін өзіне қарсы қастандық жасалғанын мысалға келтіреді. Әлдекімдер Лұқпанға екі рет оқ атып, сегіз рет пышақтап кеткен.

Журналист Лұқпан Ахмедияров Батыс Қазақстан облысындағы бірмандатты округте мәжіліс сайлауына түсіп отыр.

Журналист жақында Facebook-тегі парақшасында «Аманат» партиясының кандидаты туралы репортаж жариялады.

– Бұрын бұл партия кілең жемқор шенеуніктен тұратын. Енді қайық жүргізіп келе жатып, абайсызда адам өлтіріп қойған ұлын бір айдан астам уақыт құқық қорғау органдарынан жасырып келген адамды кандидат етіп ұсынып отыр. Осы кандидат заң үстемдігіне кепілдік беремін деп сендіргісі келеді! – деп жазды Ахмедияров.

Оралдағы аты аңызға айналған «Уральская неделя» газетінің бұрынғы бас редакторы Лұқпан Ахмедияров 700 адаммен бірге мәжілістегі 98-орынға таласып жатыр.

Бұл сайлау билікшіл партиялардан басқа ешкім қатыспайтын осыған дейінгі сайлауларға қарағанда әлдеқайда еркін әрі ашық болып көрінгенімен, Ахмедияров “кандидаттар мүмкіндігі тең емес” дейді.

– Халық арасынан шыққан кандидаттар үнемі «Бізді қашан және қандай негізбен сайлаудан шеттетер екен?» деп алаңдап жүреміз, – дейді Батыс Қазақстан облысына бөлінген үш орынның ішіндегі бірмандаттысына үмітті Лұқпан Ахмедияров.

Қаржы декларациясын тексеру кезінде бірқатар тәуелсіз кандидат сайлаудан шеттетілген.

Үгіт-насихат жұмыстары басталған алғашқы күні – 18 ақпанда Лұқпан Ахмедияров билікке жақын кандидаттар сайлауалды науқанды жақсы бастағанын байқаған.

– Үгіт-насихат науқаны басталған бірнеше сағат ішінде қалаға қымбат баннерлері ілініп, телеарналардан жарнамалары жүріп жатты. Олар әкімшілік ресурсты пайдаланып жатыр, – дейді Ахмедияров.

Фото ашық көзден

Ахмедияров үшін алғашқы кедергі ақша мәселесі болған. Ол кандидат болып тіркелу үшін мемлекетке 1 миллион теңге (шамамен 2300 доллар) төледі. Журналист орташа жалақы мөлшері 700 доллардан аспайтын, ал өңірлерде халық одан да аз ақша алатын елде кандидаттардан мұндай қаржы талап ету «ауыр талап» екенін айтады.

– Ақша жинағым келді. Бірақ ол үшін арнайы шот ашу керек екен. Оны тек «Халық банктен» ғана ашуға болады. Бірақ банк «Қолдаушылар ақшаны онлайн аудара алмайды, бөлімшеге келуі керек» деді. Одан бөлек, қаржылай қолдау көрсетуге ниет білдіргендерге өз атымнан нотариуспен бекітілген сенімхат беруім керек. Сондықтан краудфандингінің реті келмеді, – дейді Ахмедияров.

Қаржылық мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамастан, кандидат сайлауға дайындық жұмыстарын жалғастырған. Бірақ ол билік өкілдері ауыл тұрғындарымен кездесуінің шырқын бұзбақ болғанын айтады.

– Залда міндетті түрде «Қандай шетелдік гранттар алдыңыз, қызыңызды шетелге оқуға жіберсеңіз, өзіңізді патриот деп санайсыз ба?» деген сұрақ қоятын адам табылады, – дейді журналист.

Ахмедияров әлі мектепте оқитын, шетелге оқуға құжат тапсыруға дайындалып жүрген 17 жастағы қызы туралы сұрақтарды «жоғарыдан төменге қарай жасалатын қысым» деп бағалайды. Ол бұл ақпарат биліктің қолына арнаулы қызмет арқылы түскен болуы мүмкін деп топшылайды.

– Сұрақ қойған адамдар ауыл әкімдігінде істейді. Оны өздері де мойындап отыр. «Назарбаев пен Тоқаевқа да балалары, шетелдегі мүлкі туралы дәл осындай сұрақ қоясыздар деп үміттенемін» дедім. Сайлаушылар күлді. Үшінші жиналыста билік өкілі тағы да қызым туралы сұрақ қоя бастағанда, сайлаушылар оған ұрысып, сөзін аяқтауға мұрша бермеді. Оған залдан шығып кетуге тура келді, – дейді Ахмедияров.

Лұқпан Ахмедияровты 16 наурызда Орал полициясы шақырып, Инстаграм парақшасындағы бір қолданушының жазбасына байланысты “тергеуге” тырысқан.

Полицияның айтуынша, Руслан Сәрсенов есімді азамат Инстаграмда Лұқпан Ахмедияров кандидаттығын қолдау қорына ақша жібергенін жазған. Полициядағылар сол жазбаға бола кандидатты шақырған.

“Мен бүгін полицияға барып, оларға заңды түсіндіріп қайттым. Бұл жерде ешқандай заңбұзушылық жоқ. Кез келген кандидаттың сайлау қоры болады деп түсіндірдім. Оған кандидатты қолдаушы адамдар ақша жібере алады дедім. Полиция осыдан кейін ғана “а, солай ма” деп жіберді” деді Лұқпан Ахмедияров.

Қазақстанда бұған дейін кейбір белсенділер өздерін “сайлаудан заңсыз шеттетіп жатқанын” хабарлаған.

Дереккөз: Аzattyq

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Әкімдіктің нұсқауы»: Лұқпан Ахмедьяров сайлауалды сайыс әділетсіз өтіп жатыр деп шағымданды

БҚО-да өзін-өзі ұсынушыларға қатысты арандатулар басталды

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

four × 3 =

x
2023-11-30
Утром-1.27 ℃
Днем1.04 ℃
Вечером-0.44 ℃
Ночью0.56 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра5.12 м/с
2023-12-01
Утром1.63 ℃
Днем1.78 ℃
Вечером-2.85 ℃
Ночью-1.81 ℃
Влажность90 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра6.52 м/с