Kaspi.kz-тің 1,2 млн астам клиенті депозиттер бойынша мемлекеттік өтемақы алды
Kaspi.kz-тің 1,2 млн астам клиенті депозиттер бойынша мемлекеттік өтемақы алды. Мемлекет қаражат берген бойда клиенттеріне бірден ақша аударды.
Теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасы бойынша өтемақы соңғы жылда депозитте болған ең аз соманың 10%-ын құрады. Барлығы 66,4 миллиард теңге аударылды. Бір клиентке өтемақының орташа мөлшері шамамен 55 000 теңгені құрады.