Батыс Қазақстанда 73 үй, 20 саяжай су астында тұр

Төтенше жағдайлар министрлігі өңірлерде су басқан үйлер санын жария етті.

«ОА» мұрағатынан

Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы Қаһарман Оразалиннің сөзінше, күні бүгінге дейін елдің 5 өңірі су тасқынымен арпалысты.

«Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері 162 тұрғын үй, 3 ғимарат (спроткешен, кафе және СТО) және 20 саяжай еріген және жаңбыр суының астында қалды. Олар: Түркістан (1-Арыс), Павлодар (1-Баянауыл), Абай (1-Аягөз, 2-Семей), Батыс Қазақстан (73 үй, 20 саяжай) және Ақтөбе (Қобда ауылындағы 79 үй және 3 ғимарат, 5-Ойыл) облыстарында», — деді Оразалин.

Оның айтуынша, барлығы 957 адам эвакуацияланды.

«Қауіпсіз жерлерге 5,5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жануарлары айдалды. Бүгінгі таңда су басқан күйінде Ақтөбе облысындағы 13 тұрғын үй қалып отыр. Ақтөбе (7) және Қостанай (1) облыстарында жергілікті маңызы бар автожолдардың 8 учаскесінде шаю жалғасып жатыр.Уақытша эвакуациялау пункттері мен туыстарына 311 адам (Ақтөбе) орналастырылды, тұрғылықты жеріне 646 адам оралды», — деді Қаһарман Оразалин.

Еске салсақ, бұдан бұрын Жайыққа үлкен су келе жатырғанын жазған болатынбыз.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: БҚО-да 54 тұрғын үйді су басқан

Су басқан Орал маңындағы елді мекеннен адамдар қауіпсіз жерге шығарылып жатыр

БҚО-да ауылдан 16 адам тікұшақпен эвакуацияланды

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-14
Утром-6.35 ℃
Днем-8.3 ℃
Вечером-10.01 ℃
Ночью-9.19 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 995
Скорость ветра12.27 м/с
2025-12-15
Утром-9.05 ℃
Днем-8.12 ℃
Вечером-9.07 ℃
Ночью-10.24 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра8.94 м/с