Қарызын 3 айдан астам кешіктірген жеке тұлғаларға несие беру шектеледі

Заң жобасын талқылау 2023 жылдың 6 сәуіріне дейін жалғасады.

Көрнекі сурет

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк, микроқаржы және коллекторлар қызметіне қатысты енгізілетін өзгерістер жобасын Ашық НҚА порталында қоғамдық талқы үшін жария етті. Талқылауға 6 сәуірге дейін қатысуға болады.

Өзгертулер жобасына сәйкес, «банктік қарыз және (немесе) микрокредит бойынша мерзімі өткен берешегі күнтізбелік тоқсан күннен асатын жеке тұлғаға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз беруге тыйым салу» көзделген.

«Қарызын 90 күннен астам уақыт бойы кешіктірген жеке тұлғаларға банктер мен микроқаржылық ұйымдардың несие беруін заң жүзінде шектеу ұсынылады», – деген болатын Мәдина Әбілқасымова.

Бұл тыйым кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес жеке тұлғаның қарызын өтеу үшін банктен қарыз беру жағдайына қолданылмайды.

«Бұл ретте проблемалық берешектің өсуін шектеу және қолданыстағы қарыздар бойынша қарыз алушылардың борыштық жүктемесін төмендету мақсатында қарыз алушылардың берешекті қайта қаржыландыруға, оның ішінде неғұрлым тиімді шарттарда құқығын сақтау қажет» делінген құжат жобасының түсіндірме жазбасында.

Бұдан басқа, заң жобасында төлемге қабілетсіз қарыз алушыға қатысты берешекті реттеу шарттары мен тәртібіне өзгерістер енгізілген. Атап айтқанда, сотқа дейінгі реттеу рәсімін орындау кезінде және мерзімі өткен, яғни борышы 18 айдан асқанда банктердің және МҚҰ кредиттерін коллекторларға сату мүмкіндігі көзделеді.

Сонымен қатар, банк пен клиент келісімге келе алмаған жағдайда банктер мен МҚҰ клиентке несие бойынша шартты өзгертуден бас тарта алмайды. Оның орнына агенттік проблемалық өндіріп алу несиесін коллекторлық агенттіктерге беруді ұсынады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-14
Утром13.18 ℃
Днем22.98 ℃
Вечером24.79 ℃
Ночью17.87 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра4.25 м/с
2024-09-15
Утром13.82 ℃
Днем24.48 ℃
Вечером23.85 ℃
Ночью18.62 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра6.27 м/с