Бала күтімімен отырған ата-ана үшін зейнетақы жарнасы бюджет есебінен төленеді

Төлемдер 2023 жылғы 1 шілдеден бастап жасалады деп жоспарланған.

Фото ашық көзден

Ашық НҚА порталында «Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айрылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларының» жобасы жарияланды.

Оған сәйкес, ата-ана бала күтімі үшін табысынан айырылған жағдайда олар үшін міндетті зейнетақы жарнасы мемлекет есебінен төленеді. Ереже бекітілген жағдайда субсидия 2023 жылғы 1 шілдеден бастап беріледі.

Ереже жобасына сәйкес, міндетті зейнетақы жарналарының ай сайынғы бюджеттік субсидиясының мөлшері орташа айлық табыс мөлшерінен есептелген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен бала бір жасқа толғанға дейін төленетін әлеуметтiк төлемнен ұсталатын міндетті зейнетақы жарналарының сомасын азайту арқылы есептеледі.

Міндетті зейнетақы жарналары бала дүниеге келген күннен бастап төленеді.

Құжат жобасы 7 сәуірге дейін қоғам талқысына ұсынылған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-09
Утром-11.67 ℃
Днем-5.09 ℃
Вечером-6.3 ℃
Ночью-7.58 ℃
Влажность68 %
ДавлениеhPa 1043
Скорость ветра3.63 м/с
2024-12-10
Утром-9.19 ℃
Днем-4.42 ℃
Вечером-4.69 ℃
Ночью-5.74 ℃
Влажность73 %
ДавлениеhPa 1037
Скорость ветра4.46 м/с