Сайлау күні құқық бұзушылық жасаған 42 адам жауапқа тартылды – Әбдіров қызметінен кете ме?

Сайлаудың түпкілікті қорытындысын жариялау кезінде Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров дауыс беру күні тіркелген заңға қайшы әрекеттер туралы айтты.

Фото ашық көзден

«Дауыс беру күні сайлау заңнамасын сақтау шеңберінде учаскелік сайлау комиссиялары тиісті құқықтық жауапкершілік шараларын қолданды. Осылайша, заңды бұзғаны үшін учаскелік комиссиялардың шешімімен олардың жұмысына қатысудан 19 мүше дереу шеттетілді. Аталған ақпараттық материалдардың әлеуметтік желілерде таралуына және сайлау комиссияларына осындай өтініштердің түсуіне байланысты біз Бас прокуратураға 19 наурыз – сайлау күні тексеру және құқықтық бағалау жүргізу туралы сұрау салу жібердік», – деді ОСК төрағасы.

Оның айтуынша, Бас прокуратура ұсынған ақпаратқа сай, сайлау күні күні 42 адам құқық бұзушылық жасап, әкімшілік жауапқа тартылған.

«Бас прокуратураның ресми ақпараты бойынша дауыс беру күні 42 адам құқық бұзушылық жасап, олардың барлығы жауапқа тартылды. Олардың ішінде 7 учаскелік комиссия мүшесіне Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 108-бабы, ал 18 учаскелік комиссия мүшесіне 110-бап бойынша айыппұл салынды. Алайда осы әрекеттер азаматтардың ерік білдіру нәтижесіне әсер етпеді және сайлау округіндегі немесе тиісті әкімшілік аумақтық бірліктегі сайлау нәтижесін сенімді түрде анықтауға мүмкіндік берді. Өкінішке қарай, осы уақытқа дейін отбасылық дауыс беру дәстүрі, яғни отбасы мүшелері мен басқа да жақындары үшін дауыс беру, дауыс беруге арналған кабинада бір мезгілде бір адамнан артық болу дәстүрі және тағы басқа кемшіліктер әлі де жойылған жоқ», – деп мәлім етті Нұрлан Әбдіров.

Фото ашық көзден

БАҚ өкілдері Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтен сайлау кезіндегі заңбұзушылықтарға байланысты қызметінен кету мүмкіндігі жайлы сұрады.

Бұл қызметке келгеніне 1 жылдан енді ғана асқанын еске салған Әбдіров өзі басшылық еткелі бері атқарылған жұмыстарға тоқталды.

«5 маусымда референдум өткіздік. Сонда референдумның аясында бізге бірнеше мың шағым түсті. Бірсыпыра дүние істеліп жатыр. Мына жерде отырған әріптестеріммен бірге бар күш-жігерімізді салып, таза, ақ ниетімізбен осы жұмысқа кірістік. Біз әрі қарай олқылықтарды жоюға бар күшімізді саламыз. Біз жабылып алып, жұмысты көрпенің астында істеп жатқанымыз жоқ», – деді ол.

Сондай-ақ, ол қызметті сұрап алмағанын алға тартты.

«Мен өмірде қызмет сұраған емеспін. Маған жұмысты жүктеді, қолдан келгенше адал істеуге тырысып жатырмын. Өз еркіммен бұл қызметті тастауға ешқандай негіз жоқ, арым таза», – деді ОСК төрағасы.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-09
Утром-10.73 ℃
Днем-5.09 ℃
Вечером-6.3 ℃
Ночью-7.58 ℃
Влажность68 %
ДавлениеhPa 1043
Скорость ветра3.63 м/с
2024-12-10
Утром-9.19 ℃
Днем-4.42 ℃
Вечером-4.69 ℃
Ночью-5.74 ℃
Влажность73 %
ДавлениеhPa 1037
Скорость ветра4.46 м/с