БҚО-да есірткі сатқан ер адам 11 жылға сотталды

Екі айда полицейлер елімізде интернет арқылы есірткі таратумен айналысқан 77 адамды ұстаған.

Фото: polisia.kz

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен облыстың 29 жастағы тұрғыны аса ірі мөлшерде есірткі сатқаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Полицейлер анықтағандай, 2022 жылдың жазында күдікті Telegram мессенджеріндегі арнаға тіркеліп, есірткі сатуды жоспарлаған. Бұл әрекетін жүзеге асыру үшін ол бір әлеуметтік желіні пайдаланушымен байланысып, Орал қаласында есірткіні заңсыз өткізу туралы келісім жасасқан. Қылмыстық ниетін орындау мақсатында өзінің «кураторынан» қосымша арқылы 100 мың теңге алып, пәтер жалдап, есірткіні буып-түюге және салмағын өлшеуге арналған электронды таразы, зип-пакеттер, түрлі-түсті изолента мен скотч сатып алған. Әрі қарай есірткіні жасыру орындарының координаттарын алып, тыйым салынған заттарды жасырып кеткен. Содан кейін ол жалға алған пәтеріне оралған.

Жедел іс-шаралар барысында облыстың есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері күдіктіні пәтерге жақын жерден ұстады. Ол өзімен бірге болған есірткі салынған пакетті лақтырып, жасырынбақ болған. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттар синтетикалық есірткі – «мефедрон» болып шықты. Салмағы шамамен 1 келіні құрады. Сот есірткі сатушыны кінәлі деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айырды.

Айта кетейік, биыл 2 айда полицейлер елімізде интернет арқылы есірткі таратумен айналысқан 77 адамды ұстаған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

thirteen + two =

x
2023-06-08
Утром15.54 ℃
Днем23.83 ℃
Вечером23.09 ℃
Ночью17.26 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра4.9 м/с
2023-06-09
Утром15.94 ℃
Днем24.49 ℃
Вечером22.43 ℃
Ночью18.49 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра3.4 м/с