Ауылда жұмысшыларына арнап үй салған кәсіпкерлерге субсидия беру тәртібі әзірленді

Субсидия ауданы 100 шаршы метр үйдің 50 пайызынан аспайтын бөлігіне беріледі.

Фото ашық дереккөзден

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ауылдық елді мекендерде жұмысшыларына тұрғынжай салған кәсіпкерлерге мемлекеттік субсидия беру тәртібін әзірлеп, оны Ашық НҚА порталында 11 сәуірге дейін талқылауға ұсынды.

Ереже жобасына сәйкес, субсидия жалпы ауданы 100 шаршы метрге дейін және 1 шаршы метрінің құны 100 мың теңгеден аспайтын тұрғын үйлердің 50 пайыздан аспайтын бөлігіне беріледі. Егер үйдің ауданы бұдан үлкен болса, 50 шаршы метр бөлігі ғана субсидияланады.

Аумағында жұмыс берушілер тұрғын үй салуды жоспарлайтын ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің тізімін облыстың жергілікті атқарушы органдары айқындап, жергілікті өкілді органдар бекітеді.

Ескерту: Субсидия агломерация құрамына кіретін, болмаса облыс, аудан орталықтарына, моно және шағын қалаларға тікелей жақын орналасқан ауылдарда үй салу үшін берілмейді.

Жұмыс берушілер тұрғын үй құрылысын инженерлік желілермен қамтамасыз етілген жер учаскелерінде жер заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыруы тиіс.

Субсидия төлеу мәселесін қарау үшін жұмыс берушілер әкімшіге мынадай құжаттарды ұсынады:

  • ауылда, кентте, ауылдық округте жалға берілетін тұрғынжай салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялауға өтініш;
  • заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмелері;
  • деректемелері көрсетілген банк шотының болуы туралы анықтама;
  • жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасында 5 жылдық мерзімге жасалған еңбек шарттарының көшірмелері;
  • жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган берген жұмыс берушінің меншік құқығын немесе тұрғын үй құрылысына нысаналы мақсаты бар жер учаскесіне жер пайдалану құқығын растайтын құжат;
  • аумақтық сәулет және қала құрылысы органымен келісілген эскиздік жоба немесе блокталған тұрғын үй құрылысына ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысымен жобалау-сметалық құжаттама;
  • ҚР бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жасалған тұрғын үйдің (қоршалған аз қабатты үйдегі пәтердің) құнын бағалау туралы есеп;
  • объектіні пайдалануға қабылдау актісі;
  • меншік иесінің атына ресімделген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы берген заңды тұлғалар үшін жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама;
  • техникалық паспорт.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-07
Утром-0.78 ℃
Днем-4.67 ℃
Вечером-8.73 ℃
Ночью-12.55 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра5.17 м/с
2026-03-08
Утром-6.95 ℃
Днем-2.35 ℃
Вечером-7.65 ℃
Ночью-4.29 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра6.71 м/с