Алматыда «Халық парламентінің» жиыны басталды

Мәжіліс пен мәслихат сайлауында депутаттыққа өзін-өзі ұсынып, өте алмағаннан кейін «Халық парламентін» құрған белсенділердің жиыны басталды.

Алматыда мәжіліс депутаттығына үміткер болған бір топ белсенді, саясаткерлер жиын өткізіп, сайлау нәтижесімен келіспейтіндерін айтып, «Халық парламенті» құрылғанын жариялаған еді. Сурет qazaqtimes. сайтынан.

Алматыда сайлаудан кейін құрылған “Халық парламентінің” жиынына сайлау нәтижесінің бұрмаланғанын айтқан белсенділер мен журналистер және өзге кандидаттар қатысып жатыр.

“Халық парламентінің” құрамында Санжар Боқаев, Инга Иманбай, Оразалы Ержанов, Динара Егеубаева, Айда Әлжанова, Мұхтар Тайжан, Айман Тұрсынхан, Әсет Матаев, Лұқпан Ахмедияров, Арайлым Назарова, Батыр Адайбаев, Арман Шораев, Рысбек Сәрсенбайұлы, Ерлан Қалиев, Думан Мұхамедкәрім, Нұржан Әлтаев, Асылбек Қожахметов, Оразбай Атығаев, Маржан Аспандиярова бар.

Журналист, мәжіліс депутаттығына кандидат болған Лұқпан Ахмедияров бюджет қызметкерлерін сайлау комиссиялары жұмысынан алшақтатуға мүмкіндік беретін норма енгізу керек, деді.

Жиыннан көрініс

«Сайлау әділ өткенде біз бүгін мәжілісте елде қордаланған мәселелерді талқылап отыратын едік» деген Инга Иманбай төмендегі ұсынысын білдірді.

Инга Иманбай ұсынысы: президент билігін шектеп, парламенттің құзыретін арттыратын, адам құқығы қорғалатын жаңа Конституция жобасын дайындау; сенатты тарқатып, мәжіліс депутаттарының санын көбейту; бейбіт жиын өткізу сияқты ең негізгі адам бостандықтарын қамтамасыз етуге жағдай жасау; ОСК төрағасы сайланбалы қызмет болуы тиіс; «Халық парламентін» ұлттық кеңес деп атау.

Кейінгі сайлаулар “авторитарлық, тоталитарлық жүйені сақтап қалудың, демократиялық құндылықтарды қажетсінбеудің нақ өзі болды” деді Рысбек Сәрсенбайұлы.

Рысбек Сәрсенбайұлы “Халық парламентінің” қызметін атады. Олардың арасында өзге жайттардан бөлек:

сайлаудағы заңсыздық мәселесі;

президент және парламент сайлауына жұмсалған миллиардтаған қаржының есебін талап ету;

президенттік жүйеден парламенттік жүйеге көшіру бойынша ұсыныстарға атсалысу;

Назарбаев пен оның әулетінің алаяқтықтарын, мемлекеттен жымқырған қаржыларын, кәсіпорындары мен кен орындарын қайтарту, қылмыстық жауапкершілікке тартқызу, қайтарылған қазынаны ел игілігіне пайдалануды қадағалау;

Қаңтар қасіретіне байланысты құрылған комиссияларға қолдау жасау ;

Сөз бен істегі алшақтықты бос уәдені, халықты алдауды әшкерелету сияқты міндеттер бар.

Жиынға жиналған халық.

Оразалы Ержанов парламенттің құрамын кеңейтіп, елді парламенттік республикаға айналдыру бойынша референдум өткізуді ұсынды.

Бюллетеньдегі “Бәріне қарсымын” деген графа «әншейін сән үшін емес, күші болуы керек» деді белсенділер. Олар сайлау туралы заңға өзгеріс енгізу қажеттігін айтты.

Ал, Арайлым Назарова сайлау заңына өзгеріс енгізіп, заңсыздықтарға жазаны күшейту қажеттігін алға тартты.

Ерлан Қалиев болса, азаматтардың заңсыздық жасаған саяси партияның қызметін тоқтату жөнінде сотқа жүгінуге құқығы бар екенін еске салды.

Қожахметов «Жер заңы бойынша референдум қажеттігін» де ұмытпау керек, сайлау заңын өзгерту қажет екені түсінікті, онымен қатар заңсыздықтардың көбі мектептердегі сайлау комиссияларынан келіп жатыр деді.

Белсенді, заңгер Әлнұр Ілияшев сайлаудағы заңсыздықтарды сот арқылы даулау барысына тоқталды.

“Нұр Отанның” бұрынғы мүшесі, мәжілістің экс-депутаты Нұржан Әлтаев “соңғы екі сайлау Тоқаевты Назарбаевтың абсолютті монархиясын жалғастырушы екенін көрсетті” деді.

Мұхтар Тайжан жиынды бір инвестор қаржыландыратынын, бірақ ол адам өзінің аты аталғанын қаламайтынын айтып өтті.

Халық парламенті» жиыны: Рысбек Сәрсенбайұлы президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолданатын үндеудің мәтінін оқыды.

“Халық парламентінің” алғашқы отырысының қарарында бұған дейін айтылған талаптардан бөлек, Тоқаевты сайлау нәтижесін жойып, жаңа сайлау өткізуге үндеу бар. Жиынға қатысушылар сонымен бірге Украинадағы соғыс жағдайында қазақ мемлекеттілігіне төнген қауіп-қатер жөнінде де айтты. Олар жуырда Солтүстік Қазақстан облысында 20 шақты адамның жиналып, “егемендік жариялағанын” еске салды. “Халық парламенті” мүшелері дер кезінде сепаратистік мәлімдемелердің жолын кесу керек деп мәлімдеп, күштік құрылымдардың тиімді әрекет етпей отырғанын айтты.

«Халық парламентіне» жиналған 100-ге жуық адам 8-сәуірде Алматыда орталық алаңда жиналатын болып шешті.

Дереккөзі:Аzattyq

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

2 × two =

x
2023-12-06
Утром-8.42 ℃
Днем-6 ℃
Вечером-7.55 ℃
Ночью-6.01 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 1032
Скорость ветра4.09 м/с
2023-12-07
Утром-10.41 ℃
Днем-8.39 ℃
Вечером-10.17 ℃
Ночью-10.82 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 1038
Скорость ветра4.14 м/с