Қазақстанда қызғалдақтың 18 түрін ғана жұлғандарға жаза бар. Бірақ, оны неге мүлде жұлуға болмайды?

Әлемде қызғалдақтың 3 мыңға жуық түрі бар болса, елімізде 35 түрі өседі. Оның тең жартысы – сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар гүлдер. Соның қатарында 18 түрлі қызғалдақ Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Қазақстан заңнамасында нақты қызғалдақтарды жұлу-жұлмауға қатысты тәртіп жоқ, бұл мәселе Қылмыстық кодекстің 339-бабымен (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) реттеледі. Оған сәйкес, Қазақстанда өсетін 35 түрлі қызғалдақтың Қазақстанның Қызыл кітабына енген 18 түрін  жұлған жағдайда, жаза қарастырылған.

Қызғалдақтар Қазақстан аумағында осыдан 10 миллионнан астам жыл бұрын пайда болған. Әлемде қызғалдақтың 3 мыңға жуық түрі бар болса, елімізде 35 түрі өседі. Оның тең жартысы – сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар гүлдер. Соның қатарында 18 түрлі қызғалдақ Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Олар:

  • Биберштейн қызғалдағы;
  • Альберт қызғалдағы;
  • Борщов қызғалдағы;
  • Грейг қызғалдағы;
  • Зинайда қызғалдағы;
  • Кауфман қызғалдағы;
  • Колпаковский қызғалдағы;
  • Қысқа аталық қызғалдағы;
  • Леман қызғалдағы;
  • Дарагүлдер қызғалдағы;
  • Островский қызғалдағы;
  • Кеш қызғалдақ;
  • Жатаған қызғалдақ;
  • Алакүлте қызғалдағы;
  • Регель қызғалдағы;
  • Күмәнді қызғалдақ;
  • Шымған қызғалдағы;
  • Шренк қызғалдағы.

Бірақ, қызғалдақтың қай түрі болмасын, жұлу оның популяциясына зор зиянын тигізеді. Өйткені, қызғалдақтар тұқым бермей тұрып жұлынса, популяциялардың табиғи жаңаруы бұзылады, сондай-ақ өсімдіктердің таралу аймағы азаяды.

Қандай айыппұл салынады? Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді жойғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Атап айтқанда, мұндай өсімдікті жұлған адамға келесі жаза түрлері бар:

  • 10 млн теңгеден астам (3 мың АЕК-ке дейін) айыппұл;
  • түзеу жұмыстары;
  • 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар;
  • 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не мүлкін тәркілеп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру.

Әдетте, жабайы қызғалдақтар пиязбен емес, тұқымы арқылы көбейеді. Тұқымдар пиязға айналғанға дейін 4-7 жыл топырақ астында жатады. Кейін сол пияздан жыл сайын гүлі бар сабақ шығады. Қызғалдақтың гүлдеу мерзімі аяқталғанда ол солып, орнында тұқымы қалады. Осылайша, 70-80 жыл бойы жыл сайын гүлдеп отырады. Ал гүлдерді суретке түсу үшін жұлып алған жағдайда олар ары кетсе 2 сағат қана шыдайды да, тез солып қалады. Сәйкесінше, суретке түсу үшін бір қызғалдақты жұлу арқылы 70-80 жыл бойы осы гүлдің тұқымынан өсетін қызғалдақтарды да жойып жіберу қауіпі бар.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

1 + 6 =

x
2023-12-11
Утром-14.38 ℃
Днем-12.81 ℃
Вечером-14.43 ℃
Ночью-17.01 ℃
Влажность57 %
ДавлениеhPa 1046
Скорость ветра7.15 м/с
2023-12-12
Утром-18.61 ℃
Днем-16.85 ℃
Вечером-15.92 ℃
Ночью-15.89 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1050
Скорость ветра8.79 м/с