Елімізде лицензиясыз жұмыс істеген 40 мектеп анықталды

Жыл басынан бері білім беру қызметіне лицензия алмағаны үшін 32 мектепке айыппұл салынды, деп хабарлайды QAZBILIM ақпаратық агенттігі.

Фото ашық көзден

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті білім беру ұйымдарына мониторинг жасап, 40 мектептің лицензиясыз жұмыс істегенін анықтады.Оның ішінде 30 мемлекеттік және 10 жекеменшік мектеп бар. Лицензиясыз жұмыс істеген мектептердің дені Астана, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Жетісу және Маңғыстау облыстарында. 32 мектепке қатысты әкімшілік іс қозғалып, лицензиясыз қызмет үшін айыппұл салынды. Оның 23-і мемлекеттік, 9-ы жекеменшік мектеп.

«Лицензияның жоқтығы мектептің сәйкестік тексеруінен өтпегенін немесе рұқсат алу үшін құжаттар тапсырмағанын білдіреді.Оннан аса мектепте санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды және төтенше жағдай актілері жоқ. Бұл балалардың денсаулығы мен жайлылығына қауіп тудыруы мүмкін.14 мектепте материалдық-техникалық база білім берудің заманауи талаптарына сай келмейді, білім беру инфрақұрылымы, білікті педагогикалық кадрлармен толық жабдықталмаған, ұйымдастыру жұмыстары да дұрыс жолға қойылмаған бұл білім беру сапасын кері әсерін тигізеді», — деді комитеттің рұқсат беру саясаты басқармасының басшысы Жұлдыз Әуезханова.

Айта кетейік, лицензиясы жоқ мектептер білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды, яғни негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттарды бере алмайды. Лицензиясыз жұмыс істейтін барлық мектептерге қатысты әкімшілік істер қозғалды. Бүгінгі таңда аумақтық департаменттерге лицензиясы жоқ мектептерге қатысты тиісті шаралар қабылдау тапсырылды, өңірлердің әкімдіктеріне тиісті хаттар жолданды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-15
Утром16.9 ℃
Днем26.6 ℃
Вечером19.39 ℃
Ночью17.13 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1003
Скорость ветра6.38 м/с
2026-06-16
Утром17.51 ℃
Днем25.64 ℃
Вечером24.59 ℃
Ночью19.5 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра4.93 м/с