Қазақстан мектептерінде оқу жылы қашан аяқталатыны белгілі болды

Оқу-ағарту министрілігі ел мектептерінде оқу мерзіміне қатысты енгізілген өзгерістерді жариялады.

«2022-2023 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы» Оқу-ағарту министрінің бұйрығы күшіне енді. Бұл туралы вице-министр Шолпан Қаринова Facebook-парақшасында жазды.

Қабылданған бұйрыққа сәйкес, оқу мерзіміне қатысты мынадай өзгерістер болады:

– Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарындағы оқу сабақтары 2023 жылғы 31 мамырда аяқталады.

– 9 (10) сыныптарда білім алушылардың қорытынды бітіру емтихандары 2023 жылғы 2-13 маусым аралығында өткізіледі.

– 11 (12) сыныптарда білім алушылардың мемлекеттік бітіру емтихандары – 2023 жылғы 5-19 маусым аралығында өткізіледі.

Ал қорытынды аттестаттауды мына мерзімде өткізі бекітілген:

– 9,10-сынып оқушылары үшін:

1) оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептер үшін – жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2023 жылғы 2 маусым;

2) математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 2023 жылғы 6 маусым;

3) өзге тілдерде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) – 2023 жылғы 9 маусым;

4) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2023 жылғы 13 маусым;

11,12-сынып оқушылары үшін:

1) оқыту тілі бойынша жазбаша емтихан – 2023 жылғы 5 маусым;

2) алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан – 2023 жылғы 8 маусым;

3) Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан – 2023 жылғы 12 маусым;

4) өзге тілдерде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2023 жылғы 15 маусым;

5) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзілік тарих, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2023 жылғы 19 маусым.

Вице-министр дерегінше, өңірлердің білім басқармалары оқу жылын осы мерзімдерге сәйкес аяқтау бойынша тиісті шараларды қабылдайды.

Айта кетсек, бұдан бұрны Оқу-ағарту министрлігінің оқу жылының ұзақтығын 1 маусымға дейін ұзарту туралы шешімі қайта қаралуы мүмкін екені хабарланған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

14 − nine =

x
2023-12-11
Утром-13.79 ℃
Днем-12.36 ℃
Вечером-13.45 ℃
Ночью-15.68 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1046
Скорость ветра7.23 м/с
2023-12-12
Утром-18.62 ℃
Днем-16.89 ℃
Вечером-15.68 ℃
Ночью-15.4 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1050
Скорость ветра8.85 м/с