15 жылға бас бостандығынан айырылды: Оралдық кәсіпкерді қатігездікпен өлтірген екі азаматқа сот үкімі шықты

Бүгін, 13 сәуірде БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 49 жастағы рестораторды қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған Руслан Қожантаев пен Тұрлан Амангелді үкімі жарияланды.

Еркін МҰХАНҒАЛИЕВТІ өлтіру туралы істі алқабилер қарады.

Үкім шығару кезі.

Сот процесі үш айға созылды. Алқабилер 30-ға жуық куәгердің айғақтарын тыңдап, сотталушылар процесінің тараптарының дәлелдерін тыңдады. Нәтижесінде Қожантаев пен Амангелді Мұханғалиевті өлтіргені үшін кінәлі деп танып, өз үкімін шығарды.

31 жастағы Руслан Қожантаев пен 22 жастағы Тұрлан Амангелдіні өткен жылдың тамыз айында қаза тапқан кәсіпкер иесі болған «Рахат-Лукум» кафесінде орнатылған бейнебақылау камералары тіркеді.

Өткен жылдың алтыншы тамызында сотталушылар «Рахат-Лукум» караоке-мейрамханасына келді, сол кезде Еркін Мұханғалиев өзінің бес жасар қызымен бірге өз мейрамханасында демалды. Айыпталушылар Мұханғалиевтің үстеліне отырды, ал оның қызы осы уақытта әкесінен алыстап кетті. Руслан Қожантаев Еркін Мұханғалиевтен мейрамханаға үлкен жалақымен кәуапшы ретінде жұмысқа алуын талап ете бастады. Осыдан кейін олардың арасында жанжал басталды.

Прокурор айыптау актісін оқи отырып, алқабилер сотынынан сотталушылар қаза тапқан Мұханғалиевке әдейі келгендеріне назар аударуды сұрады.

– Айыптаушы тарап Қожантаев пен Амангелді қылмыс жасалған кезде алдын ала сөз байласуда болған деп есептейді. Олар өздерінің қылмыстарын алдын – ала жоспарлап, кісі өлтіру құралдарын-пышақтарды дайындап келген. Олардың әрқайсысының ойластырылған әрекеттері болды. Амангелді кәсіпкердің шығуына тосқауыл қойды, ал Қожантаев пышақ алып, Мұхангалиевтің мойнына соққы берді. Соққыдан кәсіпкер шок күйінде қашып кетуге тырысты. Осы кезде Амангелді пышағын суырып алып, Мұханғалиевке көмектескісі келген даяшыны қорқыта бастады. Сонымен қатар, Амангелді Қожантаевқа Мұханғалиевке қайтарма соққылар жасауға мүмкіндік жасады. Осы уақытта Қожантаев Мұханғалиевтің бетіне, мойнына және кеудесіне бес рет соққы берді, – деп айыптау актісін Нұрлан Ержанов оқыды.

Жараланған Мұханғалиев мейрамхана терезесінен секіріп кетті. Осы кезде Қожантаев Мұханғалиевтің арқасына бірнеше рет пышақ салды, ал пышақ марқұмның арқасына қадалып қалды. Қожантаев қашуға тырысып жатқан Мұханғалиевті қуып жету үшін Амангелдіге белгі берді.

Амангелді оны Атоян стадионының жанындағы автотұрақта қуып жетті.  Жәбірленушіні құлатқаннан кейін, ол оның басына бірнеше рет соққы берді. Жүгіріп келген Қожантаев Амангелдіден пышақ алып, Мұхангалиевті тағы жеті рет ұрды.

Еркін Мұханғалиев сол жерде алған соққыларынан қайтыс болды, Қожантаев пен Амангелді қылмыс орнынан қашып кетті.

Сотталған Қожантаев процесс барысында сотқа кісі өлтіргені үшін кінәсін мойындайтынын, бірақ олардың кісі өлтіруді алдын ала жоспарлағанын және алдын ала дайындағанын жоққа шығаратынын айтты. Екінші сотталған-Тұрлан Амангелді, өзінің кінәсін және кісі өлтіруге қатысы барын мүлдем жоққа шығарды.

Сотталған Қожантаевтың адвокаты Марат Надыршин үкіммен келіспейтіндерін және оған шағымданатындықтарын мәлімдеді.

Мария Драчева

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

3 × five =

x
2023-11-29
Утром-0.83 ℃
Днем0.23 ℃
Вечером-1.27 ℃
Ночью-1.98 ℃
Влажность68 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра3.21 м/с
2023-11-30
Утром-1.86 ℃
Днем1.38 ℃
Вечером-0.19 ℃
Ночью0.79 ℃
Влажность76 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра5.63 м/с