Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысы тоқтатылуы мүмкін – Экология министрлігі

Биылдан бастап Экология министрлігіне табиғатты қорғау заңнамасын жүйелі түрде бұзатын кәсіпорындардың жұмысын сот арқылы тоқтату құқығы берілді. Министрлік алғаш рет бұл құқықты Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты қолданбақ.

«Қазір заңнамаға өзгертулер енгізілді. Ластану бойынша жылына екі реттен аса бұзушылық тіркелген жағдайда, сол кәсіпорынның жұмысын тоқтату туралы шешімді толығымен қабылдай аламыз. Бізде мұндай құзырет бар. Біз оны пайдаланамыз», – деді Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Абдуалиев.

Абдуалиевтің айтуынша, табиғатты қорғау заңнамасын жүйелі түрде бұзғаны үшін сот Атырау мұнай өңдеу зауытынан шығарындылардың пайдалануға берілген экологиялық рұқсатты бір айға тоқтатқан. Алайда, екінші сатыдағы сот өндірісте төтенше жағдайдың туындау қаупін азайту үшін зауыттың төтенше жағдайда заң бұзушылыққа жол бергенін алға тартып, бұл шешімнің күшін жойды.

«Дегенмен зауытта тексеру жүріп жатыр. Оның қорытындысы бойынша тағы да заң бұзушылық анықталса, зауыттың жұмысын тоқтату туралы материалдар қайтадан сотқа беріледі. Табиғатты қорғау заңнамасын бұзған басқа кәсіпорындарды да осындай жаза күтіп тұр», – деп ескертті Абдуалиев.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-10
Утром22.34 ℃
Днем33.18 ℃
Вечером33.93 ℃
Ночью27.61 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра3.69 м/с
2025-07-11
Утром24.45 ℃
Днем34.1 ℃
Вечером34.74 ℃
Ночью26.92 ℃
Влажность32 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра4.71 м/с