БҰҰ Қазақстанда киіктердің қалай қорғалатыны туралы фильм шығарды

Ақбөкендерді қорғау шараларының арқасында саны 24 мыңнан 1,3 млн басқа дейін артты.

Фото ашық көзден

«Алтын Дала» табиғатты қорғау бастамасы жайлы фильм жарыққа шықты. БҰҰ бұл бастамаға экожүйелер мен биоалуантүрлілікті қалпына келтіру мен сақтау жолындағы ең сәтті он бағдарламаның бірі атағын берді, деп хабарлайды орман шаруашылығы және жануаларды қорғау комитетінің баспасөз қызметі.

«Алтын Дала» бастамасы 2006 жылдан бері ҚР ЭТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, АСБК, Франкфурт зоологиялық қоғамы, Fauna&Flora халықаралық ұйымы, құстарды қорғау корольдік қоғамы арасындағы серіктестік аясында жүзеге асуда. Оның мақсаты – жануарлардың негізгі түрлерін, далалы және шөлейтті экожүйелерді сақтау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін жетілдіру. Бастаманың басты «жалауы» – ақбөкен, оның саны браконьерлікке байланысты шектен тыс төмен деңгейде болатын. Ақбөкендерді қорғау бойынша қабылданған шаралардың арқасында оның саны 2003 жылы 24 мыңнан 2022 жылы 1,3 млн басқа дейін артты», – делінген хабарламада.

Қазақстандағы БҰҰДБ жобаларының және басқа серіктестердің қолдауымен жұмыла жасалған әрекеттер нәтижесінде 5 млн гектардан астам құнды далалы және шөлейтті экожүйелер ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға айналды.

«Ақбөкеннің оралуы – табиғатты қорғау жолындағы әлем тарихының ең үздік жетістіктерінің бірі. Бұл күйзелген экожүйелерді қалпына келтіруді қолға алған адамзаттың батыл шаралары мен іс-әрекетінің жарқын үлгісі», – деді БҰҰ қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының атқарушы директоры Ингер Андерсен.

15 сәуірден бастап еліміздегі киіктердің санын анықтау үшін оларды әуеден зерттеу басталады.

Биыл тікұшақпен әуе есебі шамамен 200 сағат ұшудан тұрады.

2022 жылғы әуебарлауына сәйкес, Қазақстандағы ақбөкендердің саны – 1,3 миллион.

7 сәуірде Қазақстанның екі облысынан 650 киік өлексесі табылғаны белгілі болды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-06-18
Утром25.17 ℃
Днем33.52 ℃
Вечером23.3 ℃
Ночью24.06 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра9.82 м/с
2024-06-19
Утром22.87 ℃
Днем31.1 ℃
Вечером29.44 ℃
Ночью21.94 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра7.71 м/с