БҚО тұрғыны 10 күнде жол ережесін 139 рет бұзған
Айыппұлдың жалпы сомасы 4 млн теңге.

Рolisia.kz мәліметінше, айыппұлдың жалпы сомасы 4 млн теңгені құрады.
«Автокөліктің қазақстандық тіркеуі жоқ екенін пайдаланған жүргізуші жол қозғалысы ережелерін сақтамай, қалада жылдамдықты барынша асырған. Ол көлігін базалар бойынша есепке алмайды және жазадан құтылып кетемін деп ойлаған.
БҚО Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері құқық бұзушыны ұстады. Белгілі болғандай, жүргізушіде көлік құралын басқару құқығы болмаған», – делінген полиция мәліметінде.
Автокөлік арнайы тұраққа қойылды, енді жүргізуші қомақты айыппұлды төлеуге мәжбүр.