Қазақстан мектептерінде тағы бір пәннің атауы өзгереді

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» (АЭТД) пәнінің атауы өзгеретінін мәлім етті.

Жауапта қазіргі кезде Оқу-ағарту министрлігі білім алушыларда әскери іс негіздері бойынша қажетті білімді, іскерлікті, төтенше жағдайларда қажет дағдыларды игеруді қалыптастыру үшін АӘТД пәнін «Бастапқы әскери дайындық» пәні деп өзгерту жұмыстарын жүргізу басталғаны айтылған.

“Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының базасында құрамында практик-мұғалімдер, жетекші ғалымдар, әдіскерлер қатарынан 300-ге жуық әзірлеуші бар жұмыс топтары қолданыстағы бағдарламаларды жетілдірумен айналысуда», — деп жазылған жауапта.

Соның ішінде АӘТД пәнінің қолданыстағы бағдарламасы да жетілдіріліп жатыр.

«Оқу бағдарламалары жетілдірілгеннен кейін АӘТД пәнін оқытудың күнтізбелік-тақырыптық жоспарының мазмұны қайта қаралатын болады», — деп жазады Үкімет басшысы.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-14
Утром-6.35 ℃
Днем-8.3 ℃
Вечером-10.01 ℃
Ночью-9.19 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 995
Скорость ветра12.27 м/с
2025-12-15
Утром-9.05 ℃
Днем-8.12 ℃
Вечером-9.07 ℃
Ночью-10.24 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра8.94 м/с