Нөсер жаңбыр жауады: Орал мен Ақсайдағы ауа райы болжамы
«Қазгидрометтің» мәліметінше, ауа райына Қара теңіз аймағынан келетін циклон әсер етеді.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, ал күндіз өңірдің солтүстігінде, солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік бөлігінде, ал түнде солтүстік-батыста солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с жылдамдықпен жел соғады. Орал қаласында күндіз қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні — 15-20 м/с.
Оралда 14 сәуір.Түнде:+5+7 °C бұлтты, жаңбыр. Желдің жылдамдығы: 9-14, екпіні 15-20 м/с Күндiз:+10+12 °C бұлтты, жаңбыр, күндіз қатты жаңбыр.
15 сәуір. Түнде:0,+2 °C жауын-шашын (жаңбыр, қар)Желдің жылдамдығы: 9-14, екпіні 15-20 м/с Күндiз:+3+5 °C көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.
16 сәуір.Түнде:-2-4 °C көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түман. Желдің жылдамдығы: 9-14 м/с Күндiз:+5+7 °C көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.
