Көктемгі «Ақбөкен» акциясы басталады

Елімізде сәуірдің 15-нен мамыр айының 15-не дейін «Ақбөкен» алдын алу шарасы өтеді. Бұл күндері табиғатты қорғау және полиция қызметкерлері бірлесіп сиреп бара жатқан жануарларды бақылауға алады.

Сурет ашық дереккөзден

Акцияның басты мақсат жабайы және тұяқты киіктер жиналатын және қоныс аударатын жерлерде олардың жай күйінді тиісті мониторинг жүргізіп, ахуалын бақылау. Сонымен қатар кезінде жабайық тұяқ жануарлар бірлескен шараларын күшейтіп, сондай-ақ табиғатты қорғау бұзушылықтарға жол бермеу сонымен қатар сирек кездесетін және тұяқты жануарлар елді мекендерде тиісті үгіт насихат жұмыстарын жүргізу.

Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, киіктерді аулауға және тұтынуға 2024 жылға дейін тыйым салынғаны белгілі. Нәтижесінде 2022 жылдың сәуір-мамыр айларында жүргізілген санақ бойынша Қазақстанда ақбөкендер саны 1 318 000-ға көбейді. Сәйкесінше, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлескен жоспарына сәйкес, көктем мезгілінде киіктердің төлдеуіне байланысты республика көлемінде бір ай бойы киіктерді қорғау акциясы өткізілмек.

Ақбөкендерді қорғау және браконьерлік фактілерінің алдын алу жөніндегі жедел-профилактикалық іс-шараларды үйлестіру мақсатында акцияны өткізу кезінде құқық қорғау, табиғат қорғау және өзге де органдардың өзара іс-қимылы жөніндегі үйлестіру штабының құрамы бекітілді. Акцияның басты мақсаты – төлдеу және лактация кезеңінде ақбөкендерді қорғауды күшейту бойынша бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру, ақбөкендер санын сақтау мен көбейту және браконьерлікке қарсы күресті күшейту.

Еліміздің 13 облысының аумағында жүргізілетін «Ақбөкен» кең ауқымды акциясына қатысуға 2 тікұшақ, 90 джип, КАМАЗ (кунг) автокөліктері мен «дрон» аппараттары, түнгі көру құрылғыларымен қамтылған «Охотзоопром ӨБ» РМҚК-ның 200-дей инспекторлары сақадай сай әзір. Биыл сәуір-мамыр айларында еліміздің 4 облысында атуға тыйым салынған киік және «Қызыл кітапқа» енгізілген (арқар, қарақұйрық, т.б.) аңдарға санақ жүргізу жоспарланып отыр.

Ақбөкен сиреп бара жатқандықтан аулауға толық тыйым салынған аңдардың бірі. Халық арасында киік деп аталып кеткен асыл, қасиетті аңды атқандарға 5-7 млн теңге айыпұл салынып, сонымен қатар 3 жылдан 10 жылға дейін мерзімінен бас бостандығынан шектеу қарастырылған.

Оқи отырыңыз: БҰҰ Қазақстанда киіктердің қалай қорғалатыны туралы фильм шығарды

БҚО-да киік санының артуына байланысты шаруалардан шағым көбейіп отыр

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-08
Утром13.33 ℃
Днем25.6 ℃
Вечером26.36 ℃
Ночью20.1 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.8 м/с
2024-09-09
Утром16.56 ℃
Днем26.36 ℃
Вечером26.18 ℃
Ночью20.02 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.62 м/с