БҚО МКД: «Сырым» өткеліндегі жүк көліктерінің кептелісі РФ кеден жүйелеріндегі ақауға байланысты
Осыған байланысты кедендік өткізу пункттерінде автокөліктердің көп жиналуы орын алған.
– Қазақстандық өткізу пункттерінің жанында кезек жоқ. Ресей тарапынан жүк көліктерінің кептелісі бар. Кезек екі себепке байланысты жиналды. Ресейде 10 сәуірден бастап Федералды кеден қызметі бағдарламасында ақаулар болды-хакерлік шабуыл жасалды, бір аптаға жуық уақыт ішінде бұл ақаулар жойылмайды. Осыған байланысты кедендік өткізу пункттерінде автокөліктердің жиналуы басталды. Сонымен қатар, алдағы күндері ауа-райының қолайсыздығына байланысты трассалар жабылды, нәтижесінде екі мемлекет арасындағы шекарада жүк көлігінің үлкен ағыны жиналды, – деп хабарлады БҚО бойынша МКД баспасөз қызметі.
– Біздің мамандар бейтарап жолақ қазір бітеліп қалғанын түсіндіреді, өйткені Ресей тарапы экспорттық жүктерді де өткізбейді, импорттық жүктерді де шығармайды. БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері жүктерге құжаттарды ресімдейтін терезелердің жанында жүк көліктері жүргізушілерінің жиналуы жоқ. Себебі барлық құжаттарды рәсімдеу тез жүреді. Бізде бәрі дұрыс жұмыс істейді, барлығы штаттық режимде жолға қойылған.