Самокатпен, велосипедпен жүруге болатын-болмайтын жерлер

Көктем келіп, велосипедшілер мен самокат тепкенді ұнататын жандар қысқы ұйқыдан ояна бастады. Бұл екі дөңгелекті көлік құралдарына қатысты жол ережелерін қайта еске түсіретін уақыттың келгенін білдіреді.

Фото ашық дереккөзден

Велосипед

Шайтан арбаны серік еткісі келетіндер білуге тиіс ереженің барлығы ҚР ЖҚЕ-нің 24-тармағында жазылған. Оған сәйкес, велосипедшілер арнайы велосипед жолдарымен немесе қозғалыстың велосипедке арналған жолағымен қозғалуға міндетті. Ал егер арнайы жолдар мен жолақтар болмаса, автобус жолағын не жол жиегін қоса алғанда, жүргін бөліктің оң жақ шетімен, сонымен қатар тротуармен жүруге рұқсат беріледі. Соңғы жағдайда велосипед жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмеуі қажет. Яғни, тротуарға шығып алып, дабыл қағу арқылы алдынан шыққандардың мазасын алуға мүлде болмайды.

Маңызды ескерту: тек 14 жастан асқан велосипедшілердің ғана жолға шығуына рұқсат беріледі. Сол себепті тротуарда велосипед тепкен бала не жасөспірім ережені еш бұзбайды.

Жол қозғалысының ережелерінде велосипед жүргізушілерге арналған нақты шектеулер бар. Олардың басым бөлігі 24- және 16-тармақтарда жазылған.

Тыйым салынады:

  • ең болмағанда бір қолымен рөлді ұстамай жүруге;
  • жолаушы тасымалдауға;
  • ұзындығынан немесе енiнен 50 см артық шығып тұратын жүктердi немесе басқаруға кедергi келтiретiн жүктердi тасымалдауға;
  • жанында велосипедке арналған жол бола тұра, жол бойымен қозғалуға;
  • трамвай қозғалысы бар және қозғалыс жолағының саны біреуден артық жолдарда солға бұрылуға немесе керi бұрылуға;
  • велосипед және мопедтiң пайдалануына арналған тiркемеден басқа велосипедтердi және мопедтердi, сондай-ақ велосипедпен және мопедпен сүйретуге;
  • жаяу жүргіншілерге арналған жолақпен жүруге;
  • автомагистральда қозғалуға.

ЖҚЕ мен «Жол жүрісі туралы» заңда серуенге арналған қарапайым самокат тебетіндерге нақты түсінік берілмеген, ал көршілес Ресейде оларды жаяу жүргіншілер қатарына қосады. Біздің жағдайда самокаттың өзі велосипедтер қатарына жатқызылады (екі дөңгелегі бар және үстiндегi адамның дене күшiмен қозғалысқа келтiрiледі). Яғни мұндай техникаға велосипедпен байланысты талаптар мен шектеулердің барлығы қатысты болады. Ал электрлі самокаттар — бұл мүлде бөлек әңгіме.

Электрлі самокаттар

Фото ашық дереккөзден

Электрлі самокаттардың көліктің қай түріне жататынын айтып, ұзақ дауласуға болады, алайда бұл мәселеге ҚР ІІМ ӘПК 2018 жылдың жазында нүкте қойған. Тәртіп сақшылары үшін бұл көлік құралы мопедке теңестіріледі. Неге? Мұның жауабы «Жол жүрісі туралы» заңда жатыр. Ондағы түсінікке сай, Мопед — бұл жұмыс көлемi 50 текше см-ден аспайтын қозғалтқыш көмегімен қозғалысқа келетiн екi не үш дөңгелектi немесе ең жоғары конструктивтi жылдамдығы 50 км/сағаттан аспайтын және электрлі қозғалтқышы бар көлiк құралы. Мопедтерге аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер, мокиктер және осындай сипаттағы басқа көлiк құралдары жатады.

Фото ашық дереккөзден

Яғни, мопед жүргізушілеріне қатысты талаптар мен ережелердің барлығы электрлі самокат тізгіндегендерге де қатысты болады. Олар ҚР ЖҚЕ-нің 24-тармағында жазылған.

Электрлі самокатпен велосипед жолдарында, бағыттық көлік құралдарына арналған жолақпен бір қатарда қозғалуды қоса алғанда, қозғалыстың велосипедке арналған жолағында жүруге рұқсат етіледі.

Велосипедшілермен салыстырғанда, электрлі самокаттың жүргізушілеріне жаяу жүргіншілерге арналған жолдармен, жол шетімен және тротуармен қозғалуға тыйым салынған. Бұл ережені елемегендер 15 АЕК көлемінде айыппұл арқалайды. Ал өзге шектеулер велосипедшілерге салынатын тыйымдармен бірдей.

Маңызды: Күңгірт түсті киім киген самокатшылардың жолда жиі байқалмай қалатынын білген жөн. Бұл олардың өздері үшін де, автокөлік жүргізушілері үшін де аса қауіпті. Жолға шығар кезде ашық түсті киім таңдап, жарыққа шағылысатын кеудеше киген дұрыс болады. Сонымен қатар қарапайым велосипед шлемін ұмыт қалдырмай, көрініске кедергі келтіретін ештеңе тақпау керек.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-11-09
Утром-3.66 ℃
Днем1.16 ℃
Вечером1.8 ℃
Ночью1.96 ℃
Влажность98 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра8.74 м/с
2024-11-10
Утром1.81 ℃
Днем3.53 ℃
Вечером1.68 ℃
Ночью0.18 ℃
Влажность91 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра8.17 м/с