Асланбек Сарқұлов БҚО-дағы Казталов ауданының әкімі қызметіне тағайындалды
ҚР Президент Әкімшілігі және аудандық маслихат келісімімен, меритократия қағидаттарына сәйкес, Казталов ауданының әкімі қызметіне Асланбек Сарқұлов тағайындалды, деп хабарланды Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің Facebook парақшасында.
Асланбек Ахметоллаұлы 1984 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Тарих, құқық және экономика негіздері», Қазақстанның инновациалық және телекомуникациалық жүйелер университетін «Бизнес және басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы «Нұр Отан» ХДП Батыс Қазақстан облыстық филиалының жастар саясаты жөніндегі кеңесшісі болып бастаған.
Әр жылдары «Нұр Отан» ХДП Батыс Қазақстан облыстық филиалының идеологиялық және қоғамдық-саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі, «Нұр Отан» ХДП Орал қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып еңбек етті.
Сондай-ақ, Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы, Сырым ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
2022 жылғы тамыздан бастап бүгінгі күнге дейін Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет етті.