Жаңаөзендегі жарылыс: бір адамның мәйіті табылды
Қазіргі уақытта үйінділердің астынан зардап шеккен 2000 жылғы әйел мен 1994 жылғы қайтыс болған азаматтың денесі алынды.
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.
Медициналық көмекке 12 адам жүгінді. Оның ішінде 8 бала: 5 адам ауруханаға жатқызылды. Үйінділерді талдау бойынша жедел жұмыстар жалғасуда, 30-дан астам техника мен 300-ге жуық адам жұмылдырылды: құтқарушылар, оның ішінде кинологиялық есеп, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдар, жедел медициналық көмек, полиция, – делінген хабарламада.
17 сәуір күні сағат 05:04-те Жаңаөзен қаласында 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйдегі пәтерде жарылыс болды. Болжам бойынша газ қоспасы жарылып, 150 шаршы метр аумақта кіреберіс құлаған.
Әкімдік дерегінше, сағат 08:30-да үйінді астынан 6 адам шығарылды. 13 адам зардап шекті, оның ішінде 1 мәйіт табылды, 5 адам ауруханаға жатқызылды, 7 адам үйіне шығарылды.
Оқи отырыңыз: Жаңаөзен қаласында газ баллоны жарылды: зардап шеккендер бар
Жарылыс салдарынан 3 пәтер зардап шекті. Қазір тұрғын үй газдан ажыратылған. Қоқыстар тазартылып жатыр. Себептері мен жағдайлары анықталуда. ТЖД жедел штабы мен сенім телефонын орналастырды.
Жарылыс орнында жүрген аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев үйінділерді шығару жұмыстарын үйлестіруде. Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің күштері, жергілікті атқарушы органдар, жедел жәрдем, полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Жаңаөзендегі тұрғын үйде газ баллонының жарылуынан баспанасыз қалған тұрғындарға жаңа пәтер береді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
«Тұрғын үйсіз қалған отбасыларға жаңа пәтер беріледі, зардап шеккендерге орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, барлық қажетті көмек көрсетіледі», – делінген компанияның хабарламасында.