Қазақстанда ағаштың кей түрлерін шетелге шығаруға 6 айға тыйым салынады

Құжаттың сіңірілген теміржол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты тұқымдардан жасалған ағаш шпалдарға қатысы жоқ.

Фото ашық дереккөзден

Кей ағаш түрлерін Қазақстаннан шығаруға 6 айға тыйым салынады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрық жобасында жазылған.

«ЕАЭО СЭҚ ТН 4406910000 «Сіңірілген теміржол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты тұқымдардан жасалған ағаш шпалдар» кодын қоспағанда, шығарылған еліне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», – деп жазылған жобада.

Құжат 3 мамырға дейін қоғам талқылауына ашық. Бұйрық қабылданған жағдайда 2023 жылғы 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

Тауар коды көрсетілген ағаштар:

  • 4401 – Бөрене түріндегі ағаш отыны, діңгектер, бұтақтар, қарапайым түрдегі немесе бұта бумасы; жаңқа немесе жоңқа түріндегі ағаш, үгінді және ағаш қалдықтары және скрап, агломерацияланған немесе агломерацияланбаған ағаш түріндегі, брикеттер, түйіршік немесе қарапайым түрде;
  • 4403 – Қабығы алынған немесе алынбаған немесе үстіңгі қабатымен, қомақты кесектелген немесе кесектелмеген өңделмеген ағаш материалдары;
  • 4404 – Бөшкелік сүрек; жарылған бөренелер; ағаштан жасалған, үшкірленген, бірақ ұзына бойы кесілмеген қадалар, қазықтар және бағандар; таяқтар, қолшатырлар, құралдардың немесе ұқсас бұйымдардың тұтқаларын өндіру үшін пайдаланылатын қомақты жонылған, бірақ ұшталмаған, майыстырылмаған немесе басқа тәсілмен өңделмеген орман материалдары; аршылған және ұқсас сүрек;
  • 4406 – Теміржол немесе трамвай жолдары үшін ағаш шпалдары;
  • 4407 – Ұзыннан арамен кесілген немесе жарылған, қабаттарға бөлінген немесе аршылған, сүргіленген немесе сүргіленбеген, жылтыратылған немесе жылтыратылмаған, ұштары жалғанған немесе жалғанбаған, қалыңдығы 6 мм-ден аспайтын ағаш материалдары.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

1 × 2 =

x
2023-12-11
Утром-13.79 ℃
Днем-12.36 ℃
Вечером-13.45 ℃
Ночью-15.68 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1046
Скорость ветра7.23 м/с
2023-12-12
Утром-18.62 ℃
Днем-16.89 ℃
Вечером-15.68 ℃
Ночью-15.4 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1050
Скорость ветра8.85 м/с