Сепаратизм белгілері анықталды: «Халық кеңесі» тобының мүшелері қамауға алынды

2023 жылғы 30 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті сепаратизм фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Cол күні облыс прокуратурасының нұсқауы бойынша Ұлтық қауіпсіздік комитеті департаментінің, Полиция департаментінің, Экономикалық тергеу департаментінің, облыстың cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлерінен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды, процестік прокурорлар тағайындалды.

Тергеу барысында Петропавл қаласында 2023 жылғы 19 наурызда Солтүстік Қазақстан университетінің колледж ғимаратында «Халық Кеңесі» тобына қатысушылар облыс орталығының 20 азаматынан тұратын топтың жиналысы өткендігі, олар өздерін Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ізбасарлары деп көзқарастарын білдіргендіктері белгілі болды.

Оқи отырыңыз: Солтүстік Қазақстанда сепаратистер Қазақстаннан бөлініп, «тәуелсіздігін жариялады»

«Қылмыстық істің жиналған материалдары негізінде «Халық кеесінің» үш мүшесінің әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 180-бабы 2-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде бұқаралық ақпарат құралдарын және телебайланыс желілерін шақырумен материалдарды тарату және Қылмыстық кодекстің 179-бабы бойынша мемлекеттің қауіпсіздігін ыдыратуды үгіттеу бойынша сарапталды», деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қадағалаушы орган өкілдерінің мәлімдеуінше, олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Бұл баптың санкциясында 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде баламасыз жазалау қарастырылған.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды.

«Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасуда және жиналысқа қатысқан басқа тұлғаларға қатысты объективті және жан-жақты құқықтық баға беріледі. Облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысын ерекше бақылауға алды», деп жазады Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Тергеу барысында Петропавл қаласында 2023 жылғы 19 наурызда Солтүстік Қазақстан университетінің колледж ғимаратында «Халық кеңесі» тобына мүше облыс орталығының 20 азаматының жиналысы өткені, олар өзін Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ізбасарлары деп көрсеткені белгілі болды.

«Жиналыс барысында олар Қазақстан Республикасынан тәуелсіз Петропавл қаласының Халық кеңесін құру туралы тілектерін білдірген және «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Халық кеңесі декларациясын» қабылдаған, онда олар Қазақстанның мемлекет құру заңдылығын және легитивтігін мойындамаған, оның Конституциялық құрылысын бұзуға қол сұға отыра оның тәуелсіздігін, жерінің тұтастығын жоққа шығарып отыр», деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында әртүрлі сараптамалық зерттеулер тағайындалды.

«Саясаттанушы мен басқа да мамандардың қатысуымен комиссиялық сот психологиялық-филологиялық сараптаманың қорытындыларына сәйкес сепаратизм белгілері анықталды», деп жазады Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-06-14
Утром22.29 ℃
Днем30.51 ℃
Вечером32.79 ℃
Ночью26.3 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра5.86 м/с
2024-06-15
Утром22.89 ℃
Днем31.8 ℃
Вечером24.16 ℃
Ночью26.67 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра6.67 м/с