Қазақстанда әйелдерге жеке кәсіпкерлік арқылы декреттік төлем алу қиындайды

2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда кәсіпкерлер төлейтін әлеуметтік аударымдардың схемасы өзгереді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл мәселе бойынша Әлеуметтік кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізбекші. Қазір талқыланып жатқан заң жобасы мақұлданса, жеке кәсіп ашқан әйелдер декреттік төлем алу үшін өз табысынан зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды бірдей мөлшерде төлеуге міндеттеледі.

Фото ашық дереккөзден

Егер Әлеуметтік кодекске енгізіліп жатқан өзгерістер мен толықтырулар көптің талқысынан өтіп, бір ауыздан қабылданса, кәсіпкерлер үшін әлеуметтік аударымдарды төлеу жүйесі өзгереді. Сәйкесінше жеке кәсіп ашқан әр әйел өз табысынан зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік аударымдарды төлеуге міндеттеледі. Ал бұл кезде қосымша әлеуметтік аударымдардан түсетін жәрдемақы мөлшері азаюы мүмкін. Алайда экономист Ләззат Нұрғалиқызы үкімет осындай шектеулер арқылы әлеуметтік қорды сырттан келетін қаржының көлемінен емес әзірге халықтың қалтасынан толтырып жатқанын айтады.

“Соңғы 12 айдың мөлшерінде есептелінеді. Сіз сол миллионның 10%-ын өзіңіздің әлеуметтік мемлекеттік қорға аударуыңыз керек. Ал тап соның тағы 10%-ын зейнетақы қорына аударсаңыз, әрине, сізге келетін табыс миллион болмайды, екі есе азаюы мүмкін. Алдында 10%-ын төлесеңіз, енді 20%-ын төйлейсіз. Бұрын миллион алатын болсаңыз енді 500-600 мың болып азайып қалады”, – дейді экономист Ләззат Нұрғалиқызы.

Осы күнге дейін болашақ аналар мемлекеттен берілетін әлеуметтік төлемдерді көбірек алу үшін жеке кәсіпкерлік ашып, сол арқылы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына қосымша жарналар аударатын. Бірақ міндетті зейнетақы жарнасын төмен, ал әлеуметтік аударымдарды жоғары мөлшерде төлеп келді. Ал бұл әлеуметтік, соның ішінде декреттік жәрдемақы көлеміне қатты әсер ететін. Алайда кейбір мамандар мұндай қулық елдің экономикасына кері әсер ететінін айтады.

“Уақытша, бала көтергеннен кейін жеке кәсіпкерлік ашады. Одан кейін оған көбірек ақша құяды. Айлықтарын көп көрсетеді. Ал бұл орташа айлықтың өсуіне алып келеді. Кәсіпкерлердің де санын көбейтеді. Мен ол нәрсені дұрыс деп көрмеймін”, – деді қоғам белсендісі Сәбит Рысбай.

Елімізде 1 қаңтардан бастап максималды декреттік төлем мөлшері 1 852 200 теңге болды. Ал республика қазынасынан бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақы үшін 66 миллиард, 1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне төленетін жәрдемақыға 44 миллард теңге бөлінді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-14
Утром-6.35 ℃
Днем-8.3 ℃
Вечером-9.82 ℃
Ночью-8.59 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 995
Скорость ветра12.27 м/с
2025-12-15
Утром-8.91 ℃
Днем-8.16 ℃
Вечером-8.61 ℃
Ночью-10.07 ℃
Влажность79 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра9.32 м/с