Депутат жаңа стандарт жайлы: дәрі-дәрмек қымбаттап, кейбірі мүлде жоғалады

Депутаттың айтуынша, жаңа стандарт бәріне бірдей міндеттелсе, шағын дәріханалар жабылып тынады.

Көрнекі  сурет

Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова дәріханаларға арналған GPP стандартын ерікті түрде енгізуді ұсынды.

Оның айтуынша, ауылдық елді мекендерде орналасқан шағын дәріханалардың иелерін жыл басынан бері халықаралық GPP стандартының енгізілу мәселесі мазалап жүр.

Депутаттың ақпаратынша, елімізде 10,5 мың дәріхана бар, соның тек 8 пайызы ғана GPP талаптарына сай келеді.

«Осы талаптың кесірінен шағын дәріханалар жабылуға мәжбүр, ал олардың қызметкерлері жұмыссыздар қатарын толықтырмақ. Бүгінгі таңда 150 дәріхана жабылды және 300-ге жуық дәріхана жабылу үстінде тұр. Бұл көрсеткіш тек өсе бермек. Бір шағын дәріхана бір отбасын асырайды», – дейді Нұрымова вице-премьер Алтай Көлгіновке жолдаған депутаттық сауалында.

Депутат елдегі дәріханалар үшін қолданыстағы ережелер мен нормалар жеткілікті, тағы да басқа талаптар мен ережелерді енгізудің қажеті жоқ деп санайды.

Айтуынша, жұмыс істеп тұрған барлық дәріханада лицензия бар және санитарлық ережелер мен нормаларға сай дәрінің дұрыс сақталуы үшін қажетті жағдайдың барлығы сақталған.

«Бірақ осыған қарамастан тағы қосымша талаптар енгізілмек. Мысалы, жұмыс істейтін 6 журналдың орнына күн сайын 18-ден 32-ге дейін журнал жүргізу, косымша штат енгізу, шүберектердің түс схемасына қойылатын талаптар. Дәріхана кілттерін беру журналын толтыру дәрі-дәрмектің сапасына қалай әсер етеді? Олардың негізгі бөлігі іс жүзінде жұмыс істемейді, бірақ жасандылық үшін толтырылады», – деп ашуланды халық қалаулысы.

Нұрымованың мәліметінше, бір дәріханаға GPP стандартын енгізу үшін шамамен 5 миллион теңге қажет. Стандарт қосымша қымбат жабдық сатып алуды, жиһаз жаңартуды және жалға берілетін бөлмелерді қайта құруды талап етеді.

«Аталған стандартты енгізу дәрі-дәрмектің құнына қатты әсер етеді – баға кем дегенде 27-30%-ке көтеріледі. Кейбір дәрі-дәрмек сатылымнан жоғалады және бұл адамдардың денсаулығына кері әсер ететіні сөзсіз», – деп мәлімдеді депутат.

Бұдан бөлек жаңа стандарттың енгізілуі нарықтың монополиялануына, дәрі-дәрмектің көлеңкелі нарығының ұлғаюына, жұмыссыздықтың артуына, салық түсімдерінің азаюына алып келеді.

Осыған байланысты мәжілісмендер дәріханалық стандартты ерікті түрде енгізуді ұсынды.

«GPP стандартын енгізуді талап ететін қосымша бюрократия не үшін қажет? Жоғарыда айтылғандар негізінде GPP стандартын енгізуді ерікті түрде жүргізу мүмкіндігін ұсынамыз», – деп түйіндеді сөзін Нұрымова.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-10-09
Утром15.6 ℃
Днем17.31 ℃
Вечером14.5 ℃
Ночью13.77 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра4.8 м/с
2024-10-10
Утром11.48 ℃
Днем15.59 ℃
Вечером12.37 ℃
Ночью10.18 ℃
Влажность64 %
ДавлениеhPa 1006
Скорость ветра8.9 м/с