БҚО-да ауылдар азайып барады

Батыс Қазақстан облысында тағы бір елді мекен «ауыл» мәртебесінен айырылды.

Фото ашық дереккөзден

Бұрын еңбектің ордасы болған Еламан ауылында жылдан жылға тұрғындар саны азайып барады. Қазір онда небәрі 9 отбасы ғана тұрады.

Ал әлеуметтік нысандардың бәрі әлдеқашан жұмысын тоқтатқан. Облыста бұдан өзге тағы бірнеше ауыл дәл осындай күй кешуі мүмкін.

Қанат Мұсадиев осы Еламан ауылында туып-өскен. Бала күнінде қатарластарымен бірге асыр салып ойнаған көшенің бойында қазір үйінділерден басқа түк қалмаған. Жұрт тоқсаныншы жылдардан бастап жан-жаққа үдере көше бастаған. Қазір ауылда қожалығы бар шаруалар ғана тұрып жатыр.

Қанат Мұсадиев, шаруа:

– 15 отар қойы болды, 2 табын жылқысы болды. 15 мың га егістік алқабы болды. 30-40 шақты үй болған. Кейін жұмыссыздық пайда болып, бастауыш мектебіміз жабылып қалып, содан ауыл жайлап-жайлап көше бастады. Шаруашылықтары барлар малын бағып, өсіріп отыр. Енді қалған жастар оқу іздейді. Содан қалаға тұрақтап қалып жатыр.

Мына үйге ілінген мекенжай тақтайшасына қарап, осы көшенің өзінде-ақ кемінде 20 үй болғанын аңғаруға болады. Ал қазір бұл қатарда тек 4 үй тұр. Ауылдың екінші бетінде тағы 4 баспана қалған. Бұрын білім, медицина және мәдениет нысандары да болған екен. Әйткенмен, соңғы онжылдықта олардың қызметі тоқтатылыпты.

Еркебұлан Смадияров, тілші:

– Мына сау-тамтығы қалмаған ғимараттың бір жағы бұрын бастауыш мектебі, ал екінші жағы медициналық пункт болған екен. Алайда халық саны күрт азайып кеткен соң екеуі де жабылған. Кейін нысан жекенің меншігіне өтіп, олар пайдаға жарамды негізгі материалдары алып кеткен. Ал мына жерде мәдениет үйі болған екен. Көріп тұрғандарыңыздай, мінекей, тек іргетасы қалған.

Ауылда қазір мектеп жасындағы 7 бала бар. Олар көрші елді мекенде оқып жатыр. Еламанға былтыр көгілдір отын желісі жеткізілді. Ал ауызсуды тұрғындар әлі құдықтан тасып ішіп отыр. Интернет түгілі, ұялы байланыс желісінің сапасы өте нашар. Ауылдың мұндай күйге түсуін жұртшылық мемлекет тарапынан дер кезінде қолдау болмағандығымен байланыстырады.

Ұзақбай Қожантаев, шаруа:

– Малдың реті азайды. Үкіметтен ешқандай көмек болмады. Ол кезде қожалықтардың өзіне де көмек болған жоқ, малға қаржылай не беру. Әркім шама келгенше, әлгі «тарта жесең, тай қалады, қоя жесең, қой қалады, қоймай жесең, не қалады» деген, сонымен күн кешті халық, шынын айтқанда. Бірде бар, бірде жоқ. Тоқсанның бергі жағында, 95-96-шы жылдарда өте қиын уақыттар болды ғой. Қайтадан мектеп ашпағанмен, осы елді мекен статусын қорғап қалуға көмек сұраймыз жоғарыдан.

Ал әкімдік өкілдері ауылдағы тұрғындардың азаю себебін түсіндіруге келгенде инфрақұрылымның нашарлығын ысырып қойып, жастардың мал бағуға деген ынтасының жоқтығы әсер етті деп отыр.

Қадер Нұрғалиев, Қазталов ауданы әкімінің орынбасары:

– Облыстық мәслихат шешімімен мақұлданды. Енді Қаулы күтіп отырмыз. Елді мекен тұрғындарымен бірнеше рет жиналыс өткізілді. Бәрі келісім берді. Қарсы ешкім жоқ. 7 бала сол Саралжын мектебінде оқиды. Интернаты бар. Жастар, былайша айтқанда, көбі мал баққысы келмейді. Қалаға қарайды. Үйленгендер келінмен бірге қалаға катеді. Аудан орталығының өзінде де көп тұрмайды. 48 елді мекеннің қазір 100% газ өткізіп қойдық. 23 елді мекенде су бар. Биылдың өзінде 3 елді мекенге сумен қамтамасыз етеміз.

Облыста дәл қазір тұрғындарының саны 50-ге жетпейтін 50 елді мекен бар. Заңнамаға сәйкес олардың бәрі «ауыл» мәртебесінен айырылуы ықтимал. Десе де жергілікті билік алдымен шекара іргесінде жатқан ауылдарды сақтап қалуға күш салуды көздеп отыр.

Райса Еркеғалиева, облыстық Стратегия және экономикалық даму басқармасының бөлім басшысы:

– 50 ауылдың ішінен 21-і шекаралас аумақтарда орналасқан. Сәйкесінше бұл жерлердегі ауылдардың статусын шешу бойынша енді сұрақ туындап тұр, әрине. Стратегиялық жағын қарастыратын болсақ, біз шекарамызда тұрғындарымызды бекітуіміз керек. Шекара маңыдағы ауылдардың тұрғындары үшін мемлекет тарапынан қосымша жеңілдіктер қарастыру. Айталық, зейнеткерлік жасын басқаша қарастыру немесе еңбекақыға қосымша коэффициенттер қосу. Әрине, сосын жаңа жұмыс орындарын құру.

Бұл 50 ауылда 1100-ден астам адам тұрып жатыр. Туып-өскен елді мекенінен олардың ешқайда көшіп кеткісі жоқ. Тек әлеуметтік қолдаудың жоқтығы жұртшылықты тығырыққа тіреп отыр.

Дереккөз: 24.kz

«ОА» АНЫҚТАМА: 

Қазіргі уақытта еліміздің ауылдарында 7,5 миллионнан астам адам тұрады.Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл – ел халқының 38,2%-ы.

Урбанизация қарқынына байланысты соңғы жылдары ауыл халқының үлесі азайып келеді. Егер 2022 жылдың басында ауылдардағы халық саны 7 728 176 адамды құраса, 2023 жылдың басында бұл көрсеткіш 7 556 745 болды. Оның ішінде 3 832 903 – ерлер, 3 723 842-әйелдер.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Батыс Қазақстанда 60 ауыл мәртебесінен айырылды

Экономика министрі Ресеймен шекаралас ауылдардың проблемасы туралы пікір білдірді

«Ауыл аманаты»: Үкімет ауылды дамыту тұжырымдамасын бекітті

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

one × 1 =

x
2023-12-10
Утром-11.55 ℃
Днем-10.5 ℃
Вечером-10.23 ℃
Ночью-11.51 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1037
Скорость ветра6.42 м/с
2023-12-11
Утром-13.5 ℃
Днем-12.3 ℃
Вечером-13.65 ℃
Ночью-16.23 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра7.3 м/с