Оралда «Қамқор» орталығы ашылды

Оралда Ораза айт мерекесі кезінде «Қамқор» орталығы салтанатты ашылды. Жаңа нысан егде жастағы тұрғындарды белсенді өмірге тарту, денсаулығын нығайту, қарым-қатынас шеңберін кеңейту және бос уақытын тиімді ұйымдастыруды мақсат еткен.

Сурет: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Орталықтың ашылу салтанатына қала әкімінің міндетін атқарушы Мирболат Нұржанов қатысты.

«Шаһарымыздың зейнет жасындағы тұрғындарына арналған орталық министрліктің тапсырмасына сай, алғаш рет жоба ретінде ашылуда. Болашақта қаланың өзге де аудандарында осындай орталықтар ашу жоспарымызда бар. Ең бастысы бұл жерде ұсынылатын тегін қызмет түрлеріне аға буын өкілдерінің қызығушылығы жоғары», деді Мирболат Нұржанов.

Батыс Қазақстан облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Бергеннің айтуынша, өңірде 92 500 зейнеткер бар. Оның 16-сы – Ұлы отан соғысының ардагері, 3 500-і – тыл ардагері.

Сурет: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Қытай мен Жапонияда орташа өмір сүру ұзақтығы – 84 жас. Біздің елімізде 69-70 жас. Белсенді қозғалыс – ұзақ өмір сүру кепілі. Облыс деңгейінде жыл сайын ардагерлерге арналған түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылады. Жақында ардагерлерден құралған барлық ансамбль қатысатын байқау өткіземіз. Жүлде қорын өз жауапкершілігіме аламын. Тентекті жөнге салып, адасқанды көшке қосатын үлкендеріміз үйде қарап отырмай, жастарға үлгі болуымыз керек», дейді Мақсот Берген.

«Қамқор» белсенді ұзақ өмір орталығында скандинавиялық серуендеу, йога сабақтары, дене шынықтыру, дойбы, шахмат, тоғызқұмалық ойындары, тілдік курстар, компьютерлік сауаттылық, заңгер мен психологтың кеңесі, сурет және кескіндеме курстары, шығармашылық шеберлікпен айналысу, мәдени және ойын-сауық іс-шаралары тегін ұйымдастырылады.

Айта кетейік, орталықтың жұмыс жасай бастағанына аз уақыт өтсе де, келушілердің саны күн сайын көбейіп келеді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

3 × five =

x
2023-12-08
Утром-10.12 ℃
Днем-8.31 ℃
Вечером-12.31 ℃
Ночью-12.87 ℃
Влажность54 %
ДавлениеhPa 1042
Скорость ветра3.97 м/с
2023-12-09
Утром-11.23 ℃
Днем-9.91 ℃
Вечером-9.28 ℃
Ночью-9.6 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1043
Скорость ветра5.29 м/с