Экология министрі: Иесіз иттерге байланысты шағым шынымен көп

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Үкіметтің кеңейтілген кеңесінен кейін иесіз иттердің мәселесі туралы пікір білдірді.

«Шынымен де иесіз иттерге байланысты шағым көп. Экология министрлігінің иесіз жануар күтімінің жауапкершілігіне байланысты шұғыл желі құруындағы себептің бірі осы шағымдардың көптігінде еді. Шағымның сипаты әркелкі. Біреулер жануарларға деген қатігездікке шағымданса, тағы бір топ жабайыланып кеткен үй жануарларының адамға шабатынын алға тартады. Ірі денелі итін қараусыз жіберетін адамдар да бар. Олар балаларға шабады дегендей», — деді ол.

Сондай-ақ, ведомство басшысы жануарлардың күтіміне байланысты заң қолданысқа енгелі көп болмағанын еске салды.

«Жануар күтімінің жауапкершілігі туралы заңның жаңа құжат екенін түсіну керек. Нормаларының бәрі бірдей күшіне еніп үлгерген жоқ. Мысалы, үй хайуанаттарына чип салуды міндеттейтін норма 1 қыркүйекте күшіне енеді», — деді Зүлфия Сүлейменова.

Сондай-ақ, министр иесіз иттер ұстайтын орындарға қойылатын талаптар біріздендірілетінін айтты.

Дереккөз: Іnform.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-12
Утром1.77 ℃
Днем2.37 ℃
Вечером2.08 ℃
Ночью1.89 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра7.57 м/с
2026-11-13
Утром4.28 ℃
Днем6.33 ℃
Вечером2.58 ℃
Ночью5.17 ℃
Влажность70 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра7.29 м/с