Ақжолтай пойыз сапарға аттанды: еліміздің шалғай аудандарына – тегін медициналық көмек

Қазақстанда басталған «Медициналық пойыз» жобасы аясында еліміздің шалғай аудандарының тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетіледі. Биыл дәрігерлер қатарына медиатор мен заңгер мамандары қосылды. Осылайша 75 мыңға жуық ауыл тұрғыны емдік-кеңес беру қызметін алады деп күтілуде.

«Қазақстан темір жолы» баспасөз қызметі 26 сәуірде Алматы-2 станциясынан алтыншы желтоқсанға дейін жүретін медициналық пойыз іске қосылғанын хабарлады. Оның бағыты медициналық кабинеттері жоқ аймақтарды қамту болып табылады. Алматы-2 станциясынан салтанатты түрде жолға шыққан «Саламатты Қазақстан» пойызы, ағымдағы жылдың 6 желтоқсанына дейін бүкіл Қазақстан бойынша 120-дан астам станцияны қамтитын болады. 

Медициналық бригадалар диагностикалық процедуралар ғана емес, сондай-ақ шағын амбулаториялық оталар жасайтын 35 маманнан тұрады, оның ішінде терапевт, хирург, жалпы тәжірибе дәрігері, невропатолог, ультрадыбыстық диагностика дәрігері, акушер, зертханашы, мейірбике, рентгенолог, сәулелік диагностика дәрігері, тіс дәрігері, отоларинголог, психолог, окулист, гинеколог және уролог бар. Медпойыз қозғалысының кестесі шалғай станцияларда медициналық пункттердің жоқтығын ескере отырып және азаматтар мен мемлекеттік органдардың өтініші негізінде әзірленді.

– Бүгін медициналық көмекке зәру көптеген адамдар үшін өте маңызды күн. Көбінесе шалғай ауылдарда ауруханалар болмайды және тұрғындардың барлығы әр уақытта аудан орталығына бара алмайды. Ал медициналық пойыз жағдайында балаларды қаратып, ересектердің өздерінің де барлық маманнан бірден кеңес алудың жақсы мүмкіндігі туындайды. Пойызға ең заманауи медициналық жабдықтар қойылып, тіпті дамдарға шағын оталар жасау қарастырылған, – деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева салтанатты шығарып салу рәсімінде.

Медициналық пойыз станцияларда 1-2 күн болады. Дәрігерлер тұрғындарды жұмыс уақытында қабылдайды.

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасы бойынша алғаш рет, пойыз жұмысына, азаматтарға тиімді психологиялық, құқықтық әрі медиативтік (татуластыру) көмек көрсететін кәсіби және тәжірибелі медиаторлар мен заңгерлер тартылуда. Бұдан басқа, азаматтардың мемлекеттік әлеуметтік қолдау алу құқығын қорғау, зейнетақы-жәрдемақы, әлеуметтік төлем және атаулы әлеуметтік көмек алу мәселелері бойынша тегін кеңес берілетін болады.

Батыс Қазақстан облыстарында Медициналық пойыз Семиглавый мар, Тасқала, Деркөл, Переметная, Белес разъездінде, Жайық, Алғабас, Амангелді, Шыңғырлау және Илецк елді мекендерінде тоқтайды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

20 − eight =

x
2023-11-29
Утром-0.83 ℃
Днем0.23 ℃
Вечером-1.27 ℃
Ночью-1.98 ℃
Влажность68 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра3.21 м/с
2023-11-30
Утром-1.86 ℃
Днем1.38 ℃
Вечером-0.19 ℃
Ночью0.79 ℃
Влажность76 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра5.63 м/с