БҚО-да қызылшаға қарсы 700-ден астам бала егілген

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, 23-30 сәуір аралығында Еуропалық иммундау апталығы өтіп жатыр.

Көрнекі сурет

Оның сөзіне қарағанда, осыған орай Батыс Қазақстан облысында апталық аясында департамент БҚО денсаулық сақтау басқармасымен бірлескен жұмыс тобын құрып, жоспарға сәйкес іс-шараларды атқарып жатыр.

Апталық басталғаннан бері үш күн ішінде өңірде ата-аналарының келісімімен 700-ден астам бала қызылшаға қарсы екпе алды.

Қазіргі таңда көршілес облыстарда, Астана мен Алматы қалаларында, Ресей өңірлерінде қызылшаның өршіп отырғаны мәлім.

Сондықтан балалардың уақтылы екпе алуының маңызы зор.

Нұрлыбек Ермекұлының айтуынша, ДСҰ ұсынысы бойынша тұрғындардың кем дегенде 95 пайызы профилактикалық екпе алуы қажет. Осы ұсынба департамент тарапынан қадағаланып отырады.

Оның мәлімдеуінше, соңғы он жылда 1600-ден астам ата-ана балаларына екпе салдырудан бас тартты.

Мұның себептері – әлеуметтік желіде жарияланып жатқан екпеге қарсы насихат, медициналық қарама-қайшылық және діни негіз бойынша бас тарту.

«Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысында қызылша болуы мүмкін 3 дерек тіркеліп, соның біреуі зертханалық расталды. Науқаспен байланыста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын болдырмау үшін санитарлық-эпидемиологиялық іс-шараларды жүргізу және сақтық шараларын сақтау қажет. Қызылша ауыр жағдайда өтсе, бронхопневмонияға, лимфа түйіндерінің қабынуына, ларингитке, энцефалитке әкелуі мүмкін. Бала қызылшаға қарсы 1 және 6 жасында егілуі керек. Тұрғындарға айтарымыз, егер балаңыз қандай да бір себептермен қызылшаға қарсы екпе алмаған болса, жергілікті емханада вакцинациядан өту ұсынылады. Екпе алу – тегін», -деді Н.Мұстаев.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ОҚЫҢЫЗ: Қазақстанда қызылша ауруы асқынып жатыр: Денсаулық сақтау министрлігі алаңдаулы

Бұдан былай балабақшалар екпе алмаған балаларды қабылдамайды

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

ten − two =

x
2023-11-29
Утром-0.83 ℃
Днем0.54 ℃
Вечером-1.14 ℃
Ночью-1.98 ℃
Влажность66 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра3.21 м/с
2023-11-30
Утром-1.86 ℃
Днем1.38 ℃
Вечером-0.19 ℃
Ночью0.79 ℃
Влажность76 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра5.63 м/с